Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Ермегияевтің ісі неліктен тексеруге жіберілгенін түсіндірді

Қазақстанның бас прокуратурасы Талғат Ермегияевтің ісін тексеруді кімнің талап еткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап. 

Бас прокуратура Ермегияевтің ісі неліктен тексеруге жіберілгенін түсіндірді

Бас прокуратура мәліметінше, сотталушы да, оның заңгері де істің қайта қаралуына қол жеткізу үшін, прокуратураға жүгінбеген. Анықталғандай, сот шешіміне разы болмаған өзге сотталушылар осындай өтініш түсіріпті. 

Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысының ісі уәкілетті органдармен, солардың қатарында бас прокуратурамен қайта тексерілуде.

Еске сала кетсек, Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусым айында 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол қомақты көлемде пара алды деп айыпталған. 

Бұған дейін Ермегиявтің түрме басшыларының арқасында емін-еркін шалқып өмір сүргені хабарланған-ды. Сондай-ақ, оның колония ішінде жүріп тағы қандай тәртіп бұзғаны анықталды. «Экспо-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы, жеке аспазшы жалдап, телефон ұстап қана қоймай, ресми әйелімен де және азаматтық некедегі жарымен де емін-еркін көрісіп тұрған. Оған қоса сотталушының заттарды бөлшектеп қораптайтын цехтың ішін жөндетіп, оны өзінің жеке пәтеріне айналдырғаны расталды.

Айта кетсек, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысының қорғаушысы Алла Котлова Талғат Ермегияевтің ісі соттан сұратып алынып, тексеруге жіберілгенін мәлімдеген еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған

34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі

«Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзадаев топтың неге тарағанын ашып айтты

Арамыздағы ақша мәселесіне көз жұмған едім
Çàãðóçêà...