Барселонада марихуана қосылған мармелад өндірген қылмыскерлер ұсталды
Испанияның азаматтық гвардиясы Барселонаның орталығындағы үлкен есірткі зертханасын жапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 20minutos.es порталына сілтеме жасап.

Есірткі сатты деген күдікпен үш адам ұсталды.
Тергеушілердің мәліметінше, олар марихуананы қонжық түріндегі мармеладтарға қосып, Германия, Франция, Италия, Португалия, Хорватия және Нидерланды қалаларына жіберген.
Тінту кезінде ұсталғандардан 5 мың мармелад, 12 келі марихуана, алты келі гашиш және кондитерлік өнімдер шығаруға арналған құрал-жабдықтар тәркіленген.
Талқылау