"Барселона" Испания чемпионы атанды
Фото: Getty Images
"Барселона" футбол клубы 2024/25 жылғы маусымда Испанияның Ла Лигасында мерзімінен бұрын чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
36-турда сырт алаңда "Эспаньолды" 2:0 есебімен жеңгеннен кейін каталониялық команда қарсыластарынан ұпай саны бойынша озып шығып, маусымның аяқталуына екі тур қалғанда чемпиондықты қамтамасыз етті.
Бұл – "Барселонаның" тарихындағы 28-ші ұлттық чемпиондығы. Каталондық ұжым Испания біріншілігінде соңғы жылдары басты бәсекелесі "Реал Мадридпен" алма-кезек чемпиондыққа таласып келеді.
2024/25 жылғы маусым "Барселона" үшін табысты өтті. Команда Чемпиондар лигасында жартылай финалын дейін жетіп, ½ финалда миландық “Интерден” жеңіліп, жарысты аяқтады. Сонымен қатар, Испания кубогының финалында "Барселона" өзінің ең басты қарсыласы "Реал Мадридті" ұтып, ұлттық кубокты да жеңіп алды.
Айта кетейік, “Эспаньол – Барселона” ойынында жанкүйерлерді стадион маңында машина қағып кеткенін хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

