Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізде қаражат жоқ": Батыс Қазақстан облысының әкімі өздеріне тиесілі үйді сұраған балалар үйінің түлектеріне жауап берді

1 желтоқсанда Оралдағы балалар үйінің түлектері өздеріне берілуі тиіс баспаналарын сұрап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған болатын. Осы мәселеге қатысты ОҚК алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олар тіпті өздері тұрып жатқан "Шаңырақ" жатақханасының алдына наразылыққа шығып, БҚО әкімі Ғани Есқалиевті "мәселелеге бейжай қарады деп" отставкасын талап етті. Балалар үйінің тәрбиеленушілері өздері тұрып жатқан "Шаңырақ" жатақханасының бөлмелері тар екенін, ешқандай жағдай жасалмағанын айтып шағымданып отыр. 

“Барлық инстанциядан өттік, қала, облыс әкімдігіне бардық. Көмектесеміз дейді, бірақ билік тарапынан нақты іс көрмей отырмыз. Мәселемізді шешуді Қазақстандағы адам құқықтарының кепілі президенттен сұраймыз, - деді бастамашыл топ өкілі Меңсұлу Танташова.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев осы мәселеге қатысты пікір білдірді. Алайда әкім олардың бәріне бірдей баспана беру мүмкін еместігін айтады. 

“Бұл жерде әрине көп мәселе қаражатқа байланысты болып отыр. Соңғы үш жылда біз жетім немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға 98 пәтер бердік. Әрине, ол жеткіліксіз. Қазіргі кезекте тұрған ондай балалардың саны 1900-дей болады. Арендалық үйлер санаттар бойынша беріледі. 50%-ы көп балалы аналарға беріледі, 20%-ы жетім балаларға деген сияқты. Барлығын бірден үймен қамту мүмкін емес. Бізде басқа да әлеуметтік мәселелер көп. Жалпы әлеуметтік мәселлерді шешуге облыс бюджетінің 55%-ы бөлініп отыр. Бұл жағдайды аз да болсын шешу үшін біз тиісті сауалдарды жүргіздік. Бірінші кезекте –  жұмыс істеп жүрген немесе жұмыс істегісі, оқығысы келетін азаматтарды анықтау бойынша жұмыс жүргіземіз. Жұмыссыз болған жағдайда жұмыс табуға және оқуға көмектескіміз келеді. Осындай азаматтарға “Отбасы” банкпен бірлесіп, пәтер алуға мүмкіндік жасағымыз келеді. Олар әрине, жұмыс жасауы керек. Егер жағдайлары келетін болса, “Отбасы” банкпен бірлесіп мөлшерлемесі төмен ипотека алуға жағдай жасаймыз”, – дейді әкім. 

БҚО білім басқармасының дерегінше, "Шаңырақ" жатақханасына 22,7 млн теңге бөлінген.

Талқылау