Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрібір анам көмектеседі": Продюсер Гүлзира Айдарбекованың ұлдары неге әкелеріне жақын емес?

Жасы отыздан асқан жігіттердің анасының етегіне жармасуы қаншалықты дұрыс? Өздігінен шешім қабылдай алмайтын, анасының сөзінен шықпайтын ер азаматтар жайында танымалдар не ойлайды? Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревю-ға" сілтеп хабарлайды. 

Гүлзира Айдарбекова

"Бала кішкентай кезінде анасына қатты жақын болады екен. Екі кішкентай ұлдарымнан осыны байқадым", - деді әнші көпбалалы ана Динара Сұлтан.

Ал, Yuframe-дік Артурдың айтуынша, мұның бәрі уақытша құбылыс. Вайнер жігіт өзі де жұлдызды анасына жақын екендігін мойындайды. 

"Өте жақынмын. Қанша дегенмен анам ғой. Меніңше, барлық жігіт анасына жақын болады деп ойлаймын", - дейді Артур Асқарұлы.

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың үш ұлы да әкесіне қарағанда анасына жан сырын ақтарғанды жөн көреді екен. Сондықтанда болар "анасының баласы" деген тіркестен Қайрат Нұртас әлі күнге дейін арыла алмай жүр. 

"Қандай қиындық болсын, өздерімен-өздері сөйлескен кезде бәрібір анам ғой көмектесетін деп айтып жатқандарын естіп қаламын", - дейді Айдарбекова. 

 

 

Талқылау