Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бапкері Хабибтің үш жекпе-жектен кейін спорттық мансабын аяқтайтынын айтты

Абсолюттік күрес чемпионатының (UFC) жеңімпазы Хабиб Нұрмағомедов өз мансабының аяқталуына дейін үш жекпе-жек өткізеді.

Бапкері Хабибтің үш жекпе-жектен кейін спорттық мансабын аяқтайтынын айтты

Бұл туралы әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нұрмағомедов хабарлады.

Хабиб 7 қыркүйекте Абу-Даби қаласында өтетін келесі матчында 30 жастағы спортшы америкалық Дастин Порьемен кездеседі. Әзірге осы қарсыластың есімі ғана белгілі. Нұрмагомедов сондай-ақ Тони Фергюсонмен белдескісі келеді.

Осылайша, 30 жастағы Хабибтің мансабы келесі бір-екі жылда аяқталуы мүмкін, өйткені ол бір шайқасқа дайындалу үшін кем дегенде алты ай уақыт жұмсалады. Осылайша UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы 30 рет жеңіске жеткен, жеңілмеген спортшы ретінде спорттан әдемі кетпек.  

"Егер Макгрегор екі лайықты бәсекелестерді жеңсе, онда неге қайта жекпе-жекке шықпасқа? Бірақ ол 2016 жылдан бері ешкіммен айқасқан жоқ. Иә, Конор шу көтеріп, реванш ұйымдаструды қалайды. Бір жыл өтпей жатып, кек қайтарғысы келеді. Егер шайқас тең болса, онда мен түсінер едім. Бірақ Макгрегор ойсырата жеңілді. Жеңілгенін мойындады. Сондықтан оған үндемей өзін дайындуы керек", - дейді Нұрмағамбедовтың әкесі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр