Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа бапкері Головкиннің неліктен "Канелодан" жеңіліп қалғанын айтты

Америкалық бапкер Джонатон Бэнкс Головкиннің не себепті "Канелодан" жеңіліп қалғанын айтты.

Жаңа бапкері Головкиннің неліктен 

Головкиннің жаңа бапкері оның Сауль Альварестен не себепті жеңіліп қалғанын айтты. 

Бірінші айқаста тең түскен жекпе жек екінші тартыста Головкиннің жеңілісімен аяқталды. Осыдан соң Головкин бапкері Адель Санчестен бөлек кетті.

"Мен оның стилін өзгертіп тастағым келмейді. Мен тек кейбір тұстарын жақсартқым келеді. Адам өзгергенде бәрін қайта бастау керек болады. Егер қате кетсе, қайтадан басынан бастауға тура келеді. Мен оның жасап жүргенін әрі қарай дамытуға, тек күрделірек жасауға бағыттаймын.

"Канеломен" бірінші айқастан соң Головкинде еш өзгеріс болған жоқ. Сол себепті де жеңілген болуы мүмкін. Альварес мықты қарсылас. Онымен шығу кез келген адам үшін қиын болады. Онымен айқасу үшін дайындықта еш өзгеріс енгізбесе, бұрынғы сүрлеумен жүре берсе, жеңіске жете алмайды", - дейді Бэнкс Ring TV арнасына берген сұхбатында. 

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр