БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Банктердің банкроттығы: Қазақстанда салымшыларға ақшасын қайтарудың жаңа ережелерін енгізеді 

Қазақстанда банкротқа ұшыраған банктердің салымшыларына ақшасын қайтарудың жаңа ережесін енгізбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚДКБҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Банктердің банкроттығы: Қазақстанда салымшыларға ақшасын қайтарудың жаңа ережелерін енгізеді 

4 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңда банк дәрменсіз болған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының резервінен салымшыларға өтем төлеу мерзімін қысқартуы қарастырылған

Депозиттер бойынша кепілдік туралы заңның жаңа нормасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұл банк салымшылары үшін нені білдіреді?

Қазіргі уақытта мынадай норма қолданылады: ҚДКБҚ банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде өтем төлеуді бастайды. Іс жүзінде, тіпті әрбір кезеңді, соның ішінде апелляциялық іс жүргізуді ескере отырып, соттарда істерді жедел қараған кезде де сот рәсімдері банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 4–5 айға созылуы мүмкін.

2018–2019 жылы бұл норманың қолданылуы «Астана Банкі», Qazaq Banki және «Қазақстан Эксимбанкі» 286 мың салымшысына қатысты болды. ҚДКБҚ төлеуге дайындық жұмыстарын сәтті өткізді және үш банктің клиенттері алдындағы өз міндеттемелерін уақытында орындауға кірісті. Бұл мәселелік тәжірибе ҚДКБҚ-ға және Қазақстан Ұлттық банкіне банк дәрменсіз болған жағдайда салымшыларға өз ақшасын тезірек алуға мүмкіндік беретін заңнамалық бастамамен шығуға мүмкіндік берді. Бұл бастама парламент мәжілісі мен сенатынан қолдау тапты.

1 қаңтардан бастап депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру ҚДКБҚ қаражатынан өтем төлеуге негіз болады. Осылайша, кейіннен сотқа талап арыз беру жылдамдығына, соттарда істерді қарау және ықтимал апелляциялық шағымдарға қарамастан, банк салымшылары–жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан банк айырған күннен бастап 35 жұмыс күнінен кешіктірмей ҚДКБҚ резервінен төлем алады.

Қазақстандықтардың депозиттік шоттарының 99,8% жинақталған сыйақыны есепке ала отырып, толық сомаға ҚДКБҚ кепілдігімен қорғалған. Таратылатын үш банк салымшыларының 95%-ы толық сомаға өтемақы алды немесе алуға құқылы. Төлем мерзімінің қысқаруымен Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі тиімді болып отыр.

35 жұмыс күні мерзімі немен негізделді?

1 қаңтардан бастап ҚДКБҚ салымшыларға банк барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған күннен бастап 35 жұмыс күні ішінде өтем төлеуді бастауға міндетті болады. Банк лицензиясынан айырылған сәттен бастап жаңа заңнамаға сәйкес:

  • 20 жұмыс күні уақытша әкімшілік үшін лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке беру мүмкіндігі туралы шешім шығару үшін көзделген болады. Бұл жағдайда банктің міндеттемелері, бірінші кезекте-жеке тұлғалардың депозиттері басқа банкке кепілдік берілген сома шегінде ғана емес, толық көлемде берілетін болады. Бұл жағдайда ҚДКБҚ қаражатынан төлем талап етілмейді – банк кредиторлары алдындағы міндеттемелер осы банктің активтеріне айырбастауға берілетін болады;
  • егер лицензиясынан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке беру туралы шешім қабылданбаса, онда 10 жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік салымшылар алдындағы міндеттемелер тізілімін қалыптастырады, ал ҚДКБҚ есеп айырысуларды тексеруді жүргізеді, банк-агент және төлем басталған күнді жариялайды;
  • келесі  бес жұмыс күнінен кешіктірмей ҚДКБҚ агент-банк бөлімшелері арқылы төлемді бастайды.
Ұлттық банк жаңа валюта еніп, теңгенің құнсызданатыны туралы ақпаратқа жауап берді >>>
«Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшыларына төлем қалай жүргізіледі?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Астана Банкі», Qazaq Banki және «Қазақстан Эксимбанкі» салымшылары алдындағы өз міндеттемелерін заңмен белгіленген мерзімде орындауға кірісті. Қазіргі таңда банк-агенттерге 57,8 мың адам жүгінген. Төлем алуға әлі жүгінбеген салымшылар алдындағы міндеттемелердің қалдығы міндеттемелердің бастапқы сомасының 2%-ын құрайды.

«Астана Банкі» салымшыларына 36,9 миллиард теңге (міндеттемелердің бастапқы сомасының 98%) төленді. Талап етілмеген ақша «Еуразиялық банк» банк-агентінің барлық бөлімшелерінде 26 шілдеге дейін қолжетімді. ҚДКБҚ агент банк бөлімшелері арқылы төлемді ұзарту мүмкіндігі туралы қосымша хабарлайды.

Qazaq Banki салымшыларына 20,1 миллиард теңге (міндеттемелердің бастапқы сомасының 98%) төленді. 13 мың салымшыға төлем жасауға арналған ақша 24 желтоқсанға дейін банк-агентте қол жетімді.

«Эксимбанк Қазақстан» салымшыларына 257 миллион теңге (міндеттемелердің бастапқы сомасынан 99%) төленді. Әзірге өтемеген 155 салымшы «Қазпошта» бөлімшелеріне 4 тамызға дейін хабарласа алады. «Қазпоштамен» келісімді ұзарту мүмкіндігі туралы ҚДКБҚ қосымша хабарлайды.

Қандай депозиттер кепілдікке жатады?

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне ислам банктерін қоспағанда, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдайтын барлық банктер міндетті түрде қатысады.

ҚДКБҚ қаражатынан өтеуге жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер құқылы. ҚДКБҚ салымдарға, ағымдағы шоттарға және төлем карточкаларына орналастырылған ақшаға кепілдік береді. Кепілдіктің ең жоғары сомасы салымның түрі мен валютасына байланысты.

Депозиттер бойынша кепілдік әрбір банкте жеке құрайды:
  • 15 миллион теңге – теңгедегі жинақ салымдары бойынша;
  • 10 миллион теңге – теңгедегі мерзімді, мерзімді емес салымдар бойынша, банктік шоттардағы және теңгемен төлем карточкаларындағы қалдықтар бойынша;
  • 5 миллион теңге – шетел валютадағы салымдардың барлық түрлері бойынша.

Бір банкте теңгемен және шетел валютасымен бір мезгілде салынған бір салымшының депозиттері бойынша 15 миллион теңгеге дейін жиынтық өтем төленеді, бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге баламасынан аспайды.

ҚДКБҚ 579 миллиард теңге көлемінде жинақталған резервке ие – бұл қаражат кез келген уақытта төлеуге қолжетімді. Резервтің басты көзі: депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жарналары, инвестициялық кіріс және ҚДКБҚ жарғылық капиталының 70%.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр