Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банктен қарыз алушының 7 ережесі

Банктен қарызға алған ақшаны уақытылы қайтару — кез келгеннің қолынан келе бермейтін  үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Қаржылық мекемелердің қомақты ақшаны қарызға беруді сұрап келетін адамға қоятын талабы сондықтан да жоғары. ВТБ (Қазақстан) банкінің мамандары банк бекіткен талаптарға сай болып, сауатты әрі сенімді тұлға екеніңізді қалай дәлелдеу керектігін айтып береді. 

Несие келісімшартын оқыңыз

Көбісі несие келісімшартын оқымай жатып, қол қоюға асығады. Талаптары мен шарттары жазылған бірнеше бетті оқып шығу іш пыстырып жіберер, әйтсе де, төзімділік танытып, құжатпен толығымен танысып шығыңыз. Әсіресе, айыппұл санкциялары мен қарызды уақытында қайтармағанда қандай шаралар қолданылатынымен таныс болыңыз. 

Несие картасын пайдаланыңыз

Несие картасы аз ғана уақыт аралығында қомақты емес ақшаны сақтауға әрі тасымалдауға  мүмкіндік беретін ыңғайлы дүниенің бірі десек, қателеспейміз. Бұл картаның несиелі лимит пен жеңілдік кезең атты екі ерекшелігінің арқасында белгілі бір кезеңнің ішінде банктің ақшасын өз пайдаңызға жарата аласыз. Несие картасының осы айырмашылығы мен талаптары жөнінде нақтырақ айтқан жөн.  

Несиелі лимит — өз ақшаңыз таусылып қалса, банктің ақшасын пайдалана аласыз дегенді білдіреді. Жеңілдікті кезең, әдетте 55-90 күн аралығында қаражатты пайдалануға рұқсат береді. Егер картаны уақытылы толтырып отырсаңыз, банктің несиеге бөлген ақшасын пайдаланғаныңыз үшін комиссия төлемейсіз.

ВТБ (Қазақстан) Банкінің халықаралық несие картасы – бұл кез келген қызмет пен сауда үшін төлеуге ыңғайлы және заманауи тәсіл. Сіз қайда жүрсеңіз де, қажет сома қоластыңызда болады. Несие картасының лимиті 2 000 000 теңгеге дейін, ал жеңілдік мерзімі 90 күнге дейін барады. Осыған қатысты толығырақ ақпаратты банк сайтынан таба аласыз. Сондай-ақ, кез келген ұялы телефоннан 5050 нөміріне хабарласуыңызға болады.

Жұбайыңыз сізді қолдауы тиіс

Егер неке құрған болсаңыз және ипотеканы, автонесиені рәсімдеп немесе қарызға қомақты қаржы алғыңыз келсе, банк сіздің жарыңыздан рұқсат сұрап келуді талап етеді. Сондықтан несиені рәсімдеу үшін банкке әйеліңізбен немесе күйеуіңізбен келген дұрыс.

Қаржылық қиындықтар туса, банкке ескертіңіз

Әр адамның басына күтпеген жерден, тіпті кейде табан астынан ауыр іс түсуі мүмкін. Біреу дертке шалдықса, екіншісі тұрақты жұмысынан айырылып қалып жатады. Көптеген қиындықпен бірге қаржылық мәселелердің қатар жүретіні белгілі. Белгілі бір уақыт аралығында несиені төлей алмайтындай жағдайға түссеңіз, мұны банкке ескертіңіз. Банк түсіністікпен қарап, сізді біржола кешіріп қалар. Егер несиені уақытылы, кешіктірмей төлеп жүрсеңіз, банктің сізге кешірім жасау ықтималдығы жоғары. 

Несие демалысы немесе несиені қайта құрылымдау жайлы да банкпен  келісуіңізге болады. Қайта құрылымдау дегеніміз — айлық төлемнің мөлшерін азайту, жеке бюджетке түсетін қысымды төмендетіп, несиені жабу кестесін өзгерту. 

Алаяқтардан сақ болыңыз

Көбінесе алаяқтарға алданып қалу қарызға ақша беретін жекеменшік компанияларда орын алады. Әдетте қарызға ақша беремін деп алдайтын тұлға сізден qiwi-әмиянға төлем жүргізе алатыныңызды дәлелдеңіз деумен ақша аударуды сұрауы мүмкін. Әрине, qiwi-әмияндағы ақша жоғалып кетпейді деп ойлайсыз, бірақ сіз төлемді жүргізген соң-ақ алаяқ құпиясөзді өзгертіп, бар ақшаңызды алып қояды. 

Кейде алаяқтар ақша аудару үшін төлем картаңыздың нөмірін және CVC-кодты сұрауы мүмкін. Осы сандардың көмегімен олар санаулы минуттың ішінде картаңызда бар ақшаны тартып алады.

Сонымен қатар, ақша аударған кезде комиссияны төлеңіз, нотариалды қызметтің ақысын өтеу керек деп алдауы мүмкін. Келісімшарт пен қолхат екі тараптың қатысуымен ғана рәсімделетінін ұмытпаңыз. 

Үшінші тұлғаның атынан қарыз алмаңыз 

Әдетте үшінші тұлғаның атынан қарыз алуды алаяқтар ұсынады, сондықтан оны пайдаланбаңыз. Қандай жағдай болмасын, қарызды өзіңіз қайтаратыныңызды ескеріңіз. 

Несие мұрагерлікке қалатынын ескеріңіз 

Несие мүлік секілді өсиетпен немесе заң бойынша мұрагерлікке қалады. Банк марқұмның туысқандарын мазаламай, дүниеден озған адамның несиесін кешіреді. Алайда, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Егер мұрагерлікке кепілзаттық пәтер қалса, мұрагерлікті қабыл алған құқықтық мирасқор банк алдындағы қарыздың қалғанын төлейді. 

Егер мұрагерліктен бас тартса, марқұмның қарыздарын төлеуге міндеттелмейді. Мұрагерліктен бас тартпай, несиені төлеуге келіспеген жағдайда банк Азаматтық кодекстің 1081-бабында айтылған ережелер бойынша мирасқорға талаптарын білдіруге құқылы. 

Ал өз кезегінде марқұмның несиесін төлейтін мұрагерлер қайтыс болған адамның несиесі жайлы барлық ақпаратты алуға құқылы. Олар несиені мұрагерлікті алған сәттен бастап төлеуге міндетті. 

Қайтыс болған адамның өсиетімен немесе заң бойынша ешбір мұрагері болмайтын жағдайлар кездеседі. Бұл — мұрагерлердің мұрагер болуға құқығы жоқ немесе олардың барлығы мұрагерліктен бас тартты деген сөз. Осындай жағдайда мұрагерлік сот шешімімен иесіз қалған мүлікке айналады.

 

Банктен қарыз алу ережелері туралы қосымша мәліметті, ВТБ (Қазақстан) банкінің басқа өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты кез келген ұялы телефоннан 5050 нөміріне хабарласып немесе банк сайтында онлайн өтінім қалдыру арқылы ала аласыз.  

 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы.

Талқылау