"Тікелей эфирде өзіме қол саламын": Алматылық жігіт банктегі бұғатталған шоттарын ашуды талап етті

Алматы қаласының тұрғыны өзінің және отбасы мүшелерінің банктегі шоттары заңсыз бұғатталғанын айтып, тікелей эфирде өзіне қол салатынын жеткізді. Бұл шектен шыққандық, деп ашынады ол, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Банктегі шоттарымды заңсыз бұғаттады»: Алматылық жігіт тікелей эфирде өзіне қол жұмсайтынын айтты 

Қала тұрғыны Данияр Хасенов Facebook желісінде полиция департаментінің өзінің, ата-анасы мен әпкесінің банктегі шоттарын заңсыз бұғаттағанын айтып шағымданды. 

«Енді қай ақшамызға өмір сүреміз? Ақша ала алмасақ, не үшін жұмыс істейміз? Бұл менің құқыққорғаушылық қызметім үшін бе?

Мен италиялық депутаттар мен Еуродепутаттарға, Еуроалық кеңестің президенті Дональд Тускқа, ЕО-ның Қазақстандағы өкіліне хабарладым. Дәл қазір бұғаттауды тоқтатуды талап етемін», - деп жазды ол.

Алайда ол күні кеше шоттары кешкі сағат 18:00-ге дейін ашылмаған жағдайда өзіне қол салатынын айтты. Жас жігіт әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде күретамырын кесетінін жеткізді.

«Кешкі сағат 18:00-ге дейін отбасымның шоттарындағы бұғаттау алынбаса, 18:01-де Facebook пен Twitter-дің тікелей эфирінде күретамырымды кесемін. Депутаттардың бәрін және Дональд Тускті белгілеймін. Полиция мен ҰҚК-ның төзімімді сынамағаны дұрыс. Бір жағынан, полиция мен жедел жәрдемнің қаншалықты жылдам жұмыс істейтінін көреміз.

Бұл шектен шыққандық. Осының салдарынан отбасым қаражатсыз қалды», - дейді ол.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген банк өкілінің сөзінше, банк карточкаларының барлығы уәкілетті органдардың қаулысымен бұғатталады. Екінші деңгейдегі банктер қаулыны орындауға міндетті. Белсендінің сұранымы бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді

«Біз жедел түрде ІІО-мен байланысып, жауап алдық. Жақын арада карточкалар бұғаттаудан алынады», - деді ол.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз
Çàãðóçêà...