Банкроттыққа өтініштер наурыз айынан бастап қабылданады - Қаржы министрлігі
Сенат отырсында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке адамдардың банкроттығына өтініштер наурыз айынан бастап қабылданатынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгінде тиісті агенттік ұсынған деректерге сәйкес 1 млн 180 мыңнан астам адамның қарызы бар. Олар алған қарыз сомасы 1 трлн 100 млрд теңгені құрап отыр. Осылайша, жергілікті бюджет аталған тұлғалардың 100 пайыздық айналымы кезінде 3 жылда 100 млрд теңге табыстан айырылуы мүмкін. Яғни 2023 жылы – 50 млрд теңге, 2024 жылы – 30 млрд теңге, 2025 жылы – 20 млрд теңге деп жоспарлануда, - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов
Министрлік өкілі қарызы бар адамдардың барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін екенін айтты. Себебі банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды.
"Жаңа ақпараттық жүйе құрылып, оны мемлекеттік органдардың жүйелеріне қостық. Осы орайда банкроттық рәсімдерін атқаруға қатысты жүйе тиісті сынақтан өтті. Бұл тұрғыда қарызы барлар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады", – деді Елжан Біржанов.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік