Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банк терминалының істен шығуына байланысты қазақстандық жарты миллион теңгесінен айырылып қалған

Дулат Сыздықов банк картасына 990 мың теңге аудармақшы болған. Алайда аппарат істемей қалғандықтан, ақшаның біраз бөлігі шотқа түспеген. Теміртаулық азамат бес ай бойы ақшасын қайтара алмай жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның«Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына  сілтеме жасап.

Банк терминалының істен шығуына байланысты Теміртау тұрғыны жарты миллионға жуық ақшасынан айырылып қалған
Шілденің 11-нен бастап, Дулат банктен 495 мың теңгесін қайтара алмай жүр. Жұбайының банк картасына терминал арқылы ақша аударып жатқан уақытта аппарат өшіп қалған.  Дулат бірден колл-центрға хабарласып, арыз жазады. Банк қызметкерлері ақшаны 10 күннің ішінде қайтарамыз деп уәде берген.

«Бұл оқиғаны айғақтайтын видео-материалдардың барлығы банк қауіпсіздік қызметкерлерінде бар. Олар артық ақшаны табамыз, тек күтіп, мән-жайды анықтау керектігін айтты», - дейді Дулат.
Дулат банктің Бас бөлімшесіне, Ұлттық банкке, Прокуратараға да барған. Бірақ одан еш нәтиже шықпайды. Банк болса тексеріс әлі жүріп жатыр дегеннен басқа түсініктеме берудан бас тартқан.

Заңгерлердің айтуынша, бұндай жағдайда куә ретінде барлық дүниені видеоға түсіріп алу қажет. Операция болған уақытты, датасын нақтылап алған дұрыс. 

«Егер банк артық ақша салынғанын мойындамаса, Ұлттық банкке шағымдану қажет. Ал бұдан ештеңе өнбесе, банк пен оның қызметкерлеріне біреудің ақшасын заңсыз иемденді деп полицияға арыз жазу керек. Алдағы уақытта қомақты сумма болса, банк кассасына жүгінген немесе аз-аздан салған дұрыс», - дейді заңгер Шырын Амиргалиева.

Дулат Сыздықов бұл іс бойынша ендігі уақытта сотқа арыз берейін деп жатыр. 
 

Талқылау