Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банк қызметкері клиенттерінен қалайша 10 млн теңге алдап алды: Оқиғаның мән-жайы

Павлодарда kaspi.kz клиенттерінің есепшотынан ондаған миллион теңге жоғалды. Онымен бірге несие бөлімінің басшысы да жоғалып кетті. 

Банк қызметкері клиенттерінен қалайша 10 млн теңге алдап алды: Оқиғаның мән-жайы

37 жастағы Руслан Сексембаевқа халықаралық іздеу жарияланды. Банктің өзі ол жайлы ақпарат үшін 10 млн теңге сыйақы дайындап отыр. Ал, клиенттер ақшаны қайтара ма деп күтelt. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Людмила Берник банк қызметкеріне алданғандардың бірі. Оған банктен хабарласып, төмен бағаға үй алуды ұсынған. Людмила ақшасын транзитті шотқа аударған. Руслан Сексембаев оған банктің сенімді өкілі екенін растайтын куәлігін көрсеткен екен. 

"Мен осымен 3 ай жүрдім. 1 жыл бойы осы мәселені шеше алмай жүргендер бар", - дейді ол. 

Банк қызметкері бір пәтерді бірнеше адамға ұсынған екен. Ал, алданғанын білгенде қызметкер ақшамен бірге жоғалып кеткен. Жәбірленушілер банктің Алматыдағы бас кеңсесіне өтініш айтты. Банкте қызметтік тергеу жүрді. Клиенттер ақшасын қайтаруды талап етуде.

Полицейлер жәбіренушілердің ресми санынан да көп екенін айтады. Тек олардың бәрі арыз жазып үлгермеген. 

"11-12 шілдеде 28 жәбірленуші атынан арыз түсті. Олар банк қызметкерінің алаяқтық әрекетпен алдап кеткенін айтты", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жәбірленушілердің нақты саны белгісіз. Келтірілген шығын көлемі де айтылған жоқ. Белгілісі әр клиент менеджерге 2 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін ақша берген.

Талқылау