Балуандарымыз Кореяда өткен турнирде үздіктер қатарынан көрінді
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Оңтүстік Кореяның Санджу қаласында күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста алты медаль жеңіп алды. Эльмира Сыздықова жарысты алтынмен аяқтады. Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәижесінде күміс медаль иеленді.
Үшінші орынды Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта), және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) иеленді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

