Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балконы қисайған үйге қала әкімдігі 23 миллион теңге құртпақшы

Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқарма басшысының орынбасары Дәулет Досқұлов жақында балкондарының бірі қисайып, ғимарат сырты шытынап кеткен «Орбита» тұрғын үй кешенінде жүргізіліп жатқан тексеріс барысымен таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Балконы қисайған үйге қала әкімдігі 23 млн теңге құртпақшы

«Алматы ауданының әкімдігі үйдің техникалық тексеріліміне тапсырыс берді. Тексерістің нәтижесі осы аптада дайын болады. Ол бойынша ғимараттың барлық кемшіліктері анықталып, оларды түзету үшін қандай шаралар қажет екендігін көрсетеді», - деп мәлімдеді басқарма орынбасары. 

Қала әкімшілігі тексерістің жүргізілуіне және жобаның техникалық құжаттамасына арнап төтенше қордан 23  миллион теңге (59 мың доллардан астам) ақша  бөлген.  

«Бірінші кезекте техникалық тексеріс тұр. Ол біткен соң жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) толтырылатын болады. Құжаттама, өз кезегінде, міндетті түрде мемлекеттік экспертизадан өтетін болады. Бұл құжаттарсыз алдын-ала бірнарсені кесіп айту мүмкін емес», - деді Досқұлов.

ЖСҚ 1,5-2 айдың ішінде жасалады деп уәде берілді. 

«Бұл нысан Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің жіті қадағалауында. Бүгінгі таңда жалпы құрылыс жұмыстары бітіп, 6 жыл бұрын тұрғындардың бұл үйге көшіп кіруіне рұқсат етілген. Алайда, үйдің қолданысқа берілуі заңсыз жолмен іске асырылғаны анықталып отыр, нысан экплуатацияға берілмеген. Алдағы уақытта қала әкімдігі бұл жағдайларды түзету жұмыстарымен айналысатын болады», - деді Дәулет Досқұлов. 

Оның айтуынша тұрғындардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Мәселе болып отырған ғимараттың сыртындағы тақтайшалар. Олар босап, түсіп жатқан көрінеді. 

Тұрғын үй кешенін өздігінен мәселесі көп нысандардың бірі деп айтуға болады. Кешеннің құрылысымен айналысқан "Tamiz Invest Group" ұйымы 2012 жылы тұрғындарға заңсыз үй үйлестіріп бере салған. Кейіннен ұйым басшылығы 11 жылға сотталған. Дәулет Досқұловтың айтуынша, бұл мекеменің Нұр-Сұлтанда заңсыз салынған 5 тұрғын үй нысаны бар екен. 

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын желіде «Орбита» тұрғын үй кешенінде орналасқан үйлердің біріндегі балконның қисайып кеткені түсірілген видео тараған болатын. Желі қолданушылар сол үйде тұратын тұрғындарына қатты алаңдапты. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан әкімдігі қаладағы 400 үйге тексеру жүргізу жұмыстары басталғандығын мәлімдеген. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Алтай Күлгіновпен кездесуді армандайды

Ұлдың өліміне кінәлі деп табылған компанияның жетекшісі әйелге көңіл айтпаған

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

"Жетім балаларды шетелге сатуды тоқтатсын!": Әмина қажы қаракөздеріміздің шетел асып кетуіне қарсы шықты

Әмина қажы: Шетелде дені сау қара домалақтарымызды арам пиғылда пайдаланбауына кім кепіл?!

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда
Çàãðóçêà...