Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балам ит сияқты жатыр: Ақтөбеде дәрігерлер 6 айлық сәбидің жұлынынан рұқсатсыз сұйықтық алған

Ақтөбеде ақ халаттылар сау баламды сал қылды деген келіншек шындық іздеп шырылдап жүр. Оның айтуынша осыдан төрт ай бұрын дәрігерлер сәбиінің жұлынынан рұқсатсыз сұйықтық алған. Міне содан бері аурухана төсегіне таңылған он бір айлық бала өз бетінше отырып, еңбектей алмай қалған көрінеді.

Балам ит сияқты жатыр: Ақтөбеде дәрігерлер 6 айлық сәбидің жұлынынан рұқсатсыз сұйықтық алған

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Эльмира Көлманова қаңтар айында алты айлық ұлы қатты сырқаттанып, облыстық клиникалық инфекциялық ауруханаға жедел түрде түскенін айтады. Алғашында сәбиімнің ерні дірілдеп, оң қолы құрысып қалды дейді. Айтуынша, невропатолог пен кезекші дәрігер баланы тексергеннен кейін Эльмирадан палатадан он бес минутқа шығуын өтінген көрінеді. Ұлымның жұлынынан сұйықтық алғанын кейін бірақ білдім дейді.

“Маған айтты сыртқа шық он бес минутқа деді. Маған айтқан жоқ, қол қойдырған жоқ. Жазбаша түрде, ауызша да айтқан жоқ түсіндіріп. Мен шықтым, 15 минуттан соң кір деді, кірдім. 15 минуттан соң кірсем, балам ит сияқты жатыр. Вообще бала салбырап қалған. Алты айына дейін отырып келген бала”, – дейді Эльмира Көлманова.

Алты айға дейін сап-сау өскен Самғатымды дәрігерлер қолдан мүгедек қылды дейді тұрғын. Жанын қоярға жер таппаған келіншек ұлының мүгедек болып қалуына сол күнгі кезекшілікте болған дәрігерді кінәлайды. Ал облыстық клиникалық инфекциялық ауруханадағылар болса, анасы баласына ем -шара жасауға келісім беріп, құжаттарға қол қойғанын айтады. Дегенмен, сәбидің жұлыннан су алар кезде кезекші дәрігер баланың анасынан тағы бір мәрте жазбаша келісім алу керек болғанын жасырмайды.

“Келісім бермейінше, пункция жасамаймыз. Ол ауызша айтып, медбикеден қол қойдыруға қағаз сұратқан. Бірақ өзі жасай берген”, – дейді Ақтөбеде облыстық инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева.

Бұл мәселе денсаулық сақтау басқармасының басты назарда. Ал анасының келісімінсіз баланың жұлынынан сұйықтық алған кезекші дәрігерге «жіберген қателігі үшін» қатаң сөгіс жарияланыпты. Қазір арнайы клиникаға орналастырылған он бір айлық Самғат тиісті ем алып жатыр дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

“Қазір баланың жағдайы тұрақты ауыр. Ем алып жатыр. Баланың нақты емі бойынша консилиум болады”, – дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Дәрігерлер он бір айлық Самғатқа туа біткен ұшықтық инфекцияның жайылмалы түрі, орталық нерв жүйесінің перинаталды зақымдануы деген диагноз қойған. Ал ұлымның денсаулығына зақым келтірген дәрігерлер жазалансын деген келіншек денсаулық сақтау басқармасынан ұлын Корей елінде емдетулерін талап етіп отыр.

Тағы оқыңыз: 

Лифтіде көз жұмған журналистің әпкесі: ПИК адамдары келіп оның ажалы, өздері кінәлі деп кетті

Оқушы қыз банан жеген соң көз жұмды

Ауруханада сал болып қалған 6 айлық сәби: Денсаулық сақтау басқармасы жағдайды бақылауға алды

Ғалымдар: Адам жас денеде 130 жасқа дейін өмір сүре алады

Талқылау