Балаларын заңсыз митингіге шығарған қазақстандықтарға айыппұл салып, тұтқындау ұсынылды

Қазақстанда кәмелет жасқа толмаған балаларды митингілерге тартқаны үшін айыппұл салып, 10 тәулікке қамау ұсынылды. Мұндай ұсынысты сенат депутаттары айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордада митинг кезінде жасөспірім қыздың ұсталған видеосы тарады. Полиция мән-жайды түсіндірді (видео)

Сенаттың пленарлық отырысында қаралған мемлекеттік қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасының аясында осындай норма ұсынылды.

Қазіргі Әкімшілік кодекстің 128-бабында кәмелет жасқа толмаған баланы әкімшілік құқық бұзушылыққа тартқаны үшін 50 АЕК (126 250 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. 

Ендігі депутаттар заң бұзушылықты нақтылап, кәмелетке толмағандарды заңсыз митингі, жиын, шерулерге тартқаны үшін жауаптылыққа тартуды ұсынып отыр. Олардың ұсынысы бойынша, аталған норманы бұзғандар 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жазаға тартылады немесе 100 АЕК (252 500 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. 

Мұндай ұсынысты түсіндірген сенаторлар ата-ата-аналардың заңсыз митингілерге балаларымен бірге шыққан жағдайларын мысал етті. Олар осындай әрекеті арқылы баланың физикалық және психикалық дамуын бұзды, дейді. 

«Осыған байланысты кәмелетке толмағандарды заңсыз митингілерге тарту және пайдалану жағдайлары үшін әкімшілік жауаптылықты қарастыру ұсынылып отыр», - делінеді заң жобасының салыстырмалы кестесінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін бала бұқықтары жөніндегі экс-уәкіл Сәуле Айтпаева кәмелетке толмаған балаларды митингіге шығарғаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізуді ұсынған еді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

«Иісі жаман екен»: Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді
Çàãðóçêà...