Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларын тастап, Сирияға қашып кетті: Ақтөбелік келіншек терроризмді насихаттағаны үшін сот алдында жауап берді

Терроризмді насихаттады және діни араздықты қоздырды деп айыпталған Ақтөбе тұрғыны сот алдында жауап берді. 

хиджаб әйел

Әйел Ақтөбе қаласының тумасы, 32 жаста. Ол Сирия еліне 2013 жылдың 25- тамызында Түркия елі арқылы кеткен. Осы жылдың көктемінде ол күрттерге ұсталып, өзінің елге қайтқысы келетінін айтқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Ақмарал Алмағамбетованың бес баласы бар. Үшеуін әкесіне тастап кеткен. Ал қалған екі баласын Сирияда дүниеге әкеліпті. Әйелді «Жусан» операциясы бойынша мамыр айында елге әкелінген. Алайда бірден уақытша қамау изоляторына жіберілді. Әйелдің балалары қазір мемлекеттік мекемеде. Ал олардың әкесі күдіктінің айтуы бойынша Сирияда қаза тапқан. 

Күдікті өз кінәсін мойнына алған. Прокурор Алмағамбетова бұрын-соңды істі болмағаны үшін және кәмелеттік жасқа толмаған балалардың анасы болғандықтан оны бес жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. 

23 шілдеде Алмағамбетоваға сот шешімі шығу керек болатын. Бірақ судья істі жаңа іс жүргізу келісімін жасау үшін прокуратураға жіберді. 

Талқылау