"Балаларымызды күштеп әскерге алып кетіп жатыр": Өскеменде ата-аналар бас көтерді

Өскемендік бір топ ата-ана қорғаныс басқармасының алдына жиналып, ары-бері өткенді аңдып тұр. Айтуларынша, сарбаз санын толтыру үшін, жарамды-жарамсыздың бәрін қамап қойып, қол-аяғын байлап әкетіп жатыр екен.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

ӨСкемен

Наразы ата-аналардың бірі Асқар Рүстемов

Қаладағы қорғаныс істері жөніндегі басқарма алдына ата-аналар көптеп жиылды. Бірнеше күннен бері, мекеменің табалдырығын тоздырған жұрт мән-жайды түсіндірмеген әскерилерге наразы. Мәселен, Асқар Рүстемов Өскеменге Глубокое ауданынан келген. Өз перзентін ол бір тәуліктен бері көрмеген. 18 жастағы студент ұлы, басқармаға борышын өтеуді кейінге қалдыратын анықтама алуға барып, қарулы күштер қатарынан бір ақ шыққан.

"Военкоматқа кеткен. Сол военкоматқа кеткеннен хабар жоқ. Сол түнде іздесек, военкомат қамап тастапты. Ұлымыз оқиды. Справка міне, оқып жүрген жерінен алдық. Мұнда экзамені бар, әлі біткен жоқ. Бізге мұғалімі айтты, егер тыңдамаса прокуратура жалоба жазыңдар деді. Оған біз үлгермей жатырмыз. Уақыт деген міне. Бүгін алып кетеміз деп жатыр", - деді Глубокое ауылының тұрғыны Асқар Рүстемов.

Әскердегі ахуал жөнінде түрлі алып-қашпа әңгімелердің кесірінен ата-аналар жандарын шүберекке түйіп отыр. "Ұрып соғады екен, әлімжеттік көрсетеді екен" дегенді естіген тұрғындар қорғаныс істері жөніндегі басқарманың аяқ асты әскери жиын өткізу шешімін түсінбей әуреге түсті.

"Бір баланың анасы жаңа ғана айтып қалды. Басқарма ішінде біз білмейтін былықтар көп екен. Баламызды ұрып-соғып, қорқытып, әскерге барасың деп айтатын көрінеді. Мұндай жағдай алдағы уақытта қайталанбаса екен дейміз!", - деді қала тұрғыны Таисия Ибрагимова.  

Ал, қорғаныс министрлігінің өкілдері түсініспеушілік болған бұл оқиғаға әскерилер емес, жергілікті атқарушы органдар жауап беруі тиіс деп қысқа қайырды. Себебі, көктемгі қарулы күштер қатарына шақыру науқанын жазға қалдырылыпты.
"Биыл мектеп немесе колледж бітірген кәмелет жасына толған кез-келген бала заң талаптарына сәйкес әскер қатарына шақырылады. Сондықтан, қазір жаппай осындай процесс жүріп жатыр. Ал, бұған дейінгі берілген оқуды жалғастыру бойынша анықтамалардың мерзімі 30 маусымда аяқталады. Барлық білім беру мекемелері ұсынатын құжаттардың да уақыты сол кезде бітеді", - деді ҚР ҚҚ бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті басшысының орынбасары Мұрат Берікболов.

.Карантин кезінде 40-қа жуық ата-ананың жиналуына себеп болған бұл мәселеге қатысты жергілікті атқарушы органдарға да сұрау салып көрдік. Бірақ, мемлекеттік мекеме тарапынан ресми мәлімет болған жоқ. Әскерге шақырылған бозбалалар Қорғаныс басқармасынан ата-аналарымен қоштасуға вирусқа байланысты шығарылмаған. Жауаптылардың бар айтқан уәжі осы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр