AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымды көре алмай қалатындай болдым": Индира Расылхан коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Әнші Индира Расылхан ауруханаға түсті. Бұл туралы әншінің өзі жария етті. Айтуынша, қызуы көтеріліп, аурухаға жеткізілген. Әнші өзіне шипа тілегендерге алғысын айтты. 

Индира Расылхан өзінің ауырып қалғанын айтты. Әнші ауырса да, оразасын шыдап ашпағанын айтады. Ал денсаулығына алаңдаған жұртқа қазіргі жағдайын айтты. 

“Қайырлы күн, баршаларыңызға. Маған хабарласып, хат жазып, желіде жағдайымды сұрап жатқан оқырмандарға Алла разы болсын. Алғысымды айтамын. Тезірек сауығып кетейін. Кеше дене қызуым көтеріліп, жедел-жәрдеммен ауруханға жеткізілдім. Бірақ бүгін қайта үйге келіп алдым. Себебі, ауруханада жатқанды ұнатпаймын. Екіншіден, балаларымды көргім келді. Ауруханада жатсам, көре алмай қалатын секілді күйге түстім. Бәріне амандық тілеймін”, – деді әнші.

Индира ханым өзінің бойында коронавирустың белгілері бар екенін айтты. 

“Түркияда қыс бойы ауырмаған едім. Қазақстанға келгелі бір айда екі рет денсаулығым сыр берді. Дене қызуым қатты көтеріліп жатыр. Коронавирус жұқтырған сияқтымын. Ораза тұтқаннан кейін бір күн бойы дәрі ішпей шыдадым. Ертең ұстамасам болатын шығар”, – деді ол. 

Желідегі оқырманы шипа тілеп, тілеулестік танытты. 

“Бақытты болайықшы бәріміз. Сіз жақсы адамсыз, Индиражан”, “Индиражан, қайда жүрсеңде аман бол! Оразада тілеген тілектеріміз қабыл болсын! Алланың бере салғандарының қызық-қуанышын көре бер!”, “Алла шипасын берсін, күш-қуат берсін, ауырмаңыз”, “Сізге тек зор денсаулық, екі дүниенің бақытын тілеймін”, “Алла жар болсын”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр