"Балаларға бір үзім нан табудың өзі қиын": Көпбалалы отбасының АӘК-сін тоқтатып, ақшаны қайтаруын талап еткен

Павлодар облысының Ақсу қаласында көпбалалы отбасы қиын жағдайда өмір сүруде. Отанасы Сайрагүл Молдабайқызы 7 баласын жалғыз өзі асырап отыр. Қыздарының бірі церебральді сал ауруымен ауырса, күйеуі инсульт алыпты. Отбасы жарты жыл бойы АӘК-ге өмір сүріп келген. Алайда бір ай бұрын оларды жәрдемақыдан айырып, шамамен 700 мың теңге қайтаруға міндеттеген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жеті балалы отбасының отағасы бұған дейін электрик болып жұмыс істесе, отанасы отбасын асырау үшін көрпе-жастық тіккен. Алайда бір жыл бұрын барлығы өзгеріпті. Күйеуі инсульт алып, сонымен қатар көрпе-жастыққа деген сұраныс төмендеген. Сайрагүл Молдабайқызының қыздарының бірі балалардың церебральді сал ауруымен ауырады. Сондықтан көпбалалы ана тұрақты жұмысқа шыға алмай отыр. Ендігі әкімдік те оларды жәрдемақыдан айырыпты. Шенеуніктердің пайымынша, Сайрагүл табысын жасырған. 

«Жеті баламмен далада қалуым мүмкін. Себебі күйеуім науқас, жұмыс істемейді және көмектесе алмайды. Бұған дейін маған мемлекет көмек көрсеткен емес. Бәріне өзіміз қол жеткіздік. Ендігі қолдауға мұқтажбыз. Тіпті, балаларға бір үзім нан тауып берудің өзі қиын», - дейді көпбалалы ана.

Жеті баланың анасы 5 ай ішінде мемлекеттен 700 мың теңгеге жуық көмек алған. Бұл ақша үлкен отбасыны асырау үшін жеткілікті болыпты. Алайда қыркүйек айында төлемдердің бәрі тоқтатылған. Ендігі отбасы қызының мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақы мен күйеуінің еңбекке жарамсыздығына байланысты төлемге күн көріп отыр. Бұл шамамен 90 мың теңге. 

Таяуда көпбалалы отбасы баспанасыз қалуы мүмкін. Себебі жалдамалы пәтердің ақысын төлеуге шамасы жоқ.

Бұл отбасыда 9 адам бар. Олардың жетеуі – бала. Ай сайынғы табысы 114 мың теңгені құрайды. Бұл ақшаның 20 мың теңгесіне пәтерақысын төлейді. Тағы 20 мың теңге мүгедек баланың жөргегіне қажет. Ал азық-түлікке шамамен 60 мың теңге жұмсалады. Сонымен қатар коммуналдық қызметтердің ақысы мен мүгедек қызының дәрі-дәрмегіне де біршама ақша қажет. 

Ақсу қалалық жұмыспен қамту орталығындағылардың сөзінше, көпбалалы ана жылдың басында табыс тауып отырғанын көрсетпеген. Сондықтан жәрдемақыны тоқтатып қана қоймай, 700 мың теңгеге жуық ақшаны қайтару талап етіліпті.

«Ақпан айында өтініш берушінің «Үштерек және К» ЖШС-дан алған 117 900 теңге, наурыз айында 68 700 теңге табысы анықталды. Ол өтініш берген кезде бұл табысы көрсетілмеген», - дейді жұмыспен қамту орталығының АӘК бойынша кеңесшісі Гүлназ Ульбауова. 

Жұмыспен қамту орталығындағылар көпбалалы ана 5 ай үшін алған жәрдемақысын қайтарғаннан кейін, қайтадан АӘК алу үшін өтініш бере алатынын айтты. Алайда көпбалалы отбасының мұндай қаражаты жоқ.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

2020 жылдан бастап ТЖК қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Ауыр жұмыс атқаратындар 65% жоғары жалақы алады

Қазақстанда 2020 жылдан бастап қандай банкноттарды қабылдауды тоқтатады

Комиссиясыз жене сомасы бойынша шектеусіз жузеге асырады

Жамбыл облысында қаршадай қызды зорлаған педофил ауыр жаза арқалады

Ол арам пиғылын іске асырып жатқанда қыздың айғайлаған даусын естіген көршілері келген

Демалыс күндердің адам өмірі үшін қауіпті екені анықталды

Бқл тоқтамға АҚШ ғалымдары келіпті

Меккеге 100 рет барған қажы: Кезінде Құнанбай да қажылықтан келген соң Аллаға шүкір деп той жасаған

Қажы қолына сұңқар ұстап, Қазақстанның туын желбірете батырлармен бірге жүрді

"Шалшық су іштік": Жезқазғанның екі тұрғыны 7 күн бойы жапан даланы кезіп жүрген

Оларды қорық инспекторлары кездестіріпті

СІМ балаларын шетелге жіберетін ата-аналарға ескерту жасады

Министрлік келісім шарттарын мұқият оқып шығуды ұсынды

Ер адам өз әйелін ұйықтап жатып ұрып тастаған

Дәрігерлер оны сирек ұйқы ауруына шалдыққанын айтқан

"Ұйықтай алмаймын, бәрі көз алдымда": Қостанай облысында куәгер балалардың өлімі жайлы

65 жастағы Айдар Испанов балалардың айқайлағанын естігенін айтады

Аягөз тұрғыны ұятсыз видео таратқаны үшін ұсталды

WhatsApp желісі арқылы ұятсыз видео жіберіп тұрған
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр