Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалардың жазығы жоқ": Ұлдарымен хауызға түскен Айқын жұртты тамсандырды

Ұлдарымен хауызда шомылған Айқын жұртты тамсандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшаларының біріне екі ұлымен хауызда жүзіп жүрген суретін жүктеген. Аңсар және Санжар есімді ұлдарымен уақыт өкізген өнер иесі перзенттеріне деген махаббатын осылайша жеткізбек болған.

"Ұлдарым, қанаттарым менің. Аңсарбай  мен Санкабай", - деп жазды Айқын Төлепберген.

Мұны көрген жұрттың пікірі әртүрлі болды. Бірі көпбалалы әкенің мейірімділігіне тамсанып, балаларына уақыт бөлгенін дұрыс десіп жатса, енді бірі ұлдарыңның мінезі саған тартпасын деп пікір білдірген. Осылайша Айқын ұлдарының суретін жариялап, желідегілерді шулатты.

"Түрі әкесіне ұқсай берсін, жүргіштігі ұқсамасын", "Неге тек екеуі? Тағы бар емес пе?",  "Ал сіз Айқынтайсыз ба?", "Үлкен балаңыз ерке, кіші балаңыз әншілер сияқты", "Ер адам ғой, балаларын тəрбиелегені қыдыртып бірге жүргені дұрыс", "Тоқалдікі тәтті бола ма", "Балалардың жазығы жоқ", "Балаларыңыздың қызығын көріңіз" 

Талқылау