Балаларды сүйіп, көзіне жас алды: Қазақстандық жас жұбайлар балаларды қуантып, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Қазақстандық жас жұбайлар балаларды қуантып, желі қолданушыларын тәнті етті. Желіде жаңадан шаңырақ көтерген жастардың той күні балалар үйіне барған видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балаларды сүйіп, көзіне жас алды: Қазақстандық жас жұбайлар балаларды қуантып, жұрттың жүрегін елжіретті

Facebook желісінде жарияланған видеода жас жұбайлардың той күні балалар үйіне барғаны көрінеді. Балаларға құр қол келмеген жастар олардың әрқайсысының атын атап, сөмке мен оқуға қажет заттарды сыйлады. Жас жұбайлар сыйлық алу үшін кезекке тұрған балалардың қолын алды. Тіпті, әрбір баланы сүйген қалыңдық көз жасына ерік берді. 

Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиешілері жас отбасыға алғыс білдірді.

Желіде жастардың қай өңірдің тұрғындары екені аталмаған. 

Ал желі қолданушылары жас жұбайлардың жантебірентерлік әрекетіне тәнті болып, оларға бақыт тілесті. 

«Бақыт тілеймін! Өзгелері ерекшелену үшін миллиондаған ақшаны далаға шашады», «Көзіме жас келді. Балалармен қуанышыңды бөлісу өмір бойы есте қалатын оқиға деп ойлаймын. Жастар бақытты болсын!», «Бұл той қаншама баланың есінде қалады. Балаларға қуаныш сыйлап, жаңа өмірді сауапты іспен бастапты», «Осындай жастармен мақтанамын», - деп жазды пікір қалдырушылар.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...