Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаға мемлекет емес, ата-ана жауапты. Қазақстандықтар көпбалалы отбасылар туралы пікір таластыруда

Қазақстанның ғаламтор желісінде көпбалалы отбасылар туралы пікірталас туындауда. Бұған ата-анасы түнде жұмысқа кеткенде, өрт салдарынан бес әпкесі-сіңілілі қыздар қайтыс болған Астанадағы қайғылы оқиға себеп болды, деп жазады Stan.kz.

Балаға мемлекет емес, ата-ана жауапты. Қазақстандықтар көпбалалы отбасылар туралы пікір таластыруда

«Неліктен? Мен не үшін өртте қайтыс болған бес қыздың ата-анасына жаным ашып, қайғырмаймын. Неліктен ұл бала болғанға дейін бала туа беретін отбасыларды жек көремін? Неліктен біздің қоғам аз бала болғанның жақсы екенін және әрқайсысына дұрыс уақыт бөлу керектігін түсінбейді? Қазақтар «әйтеуір біреуі адам болады» дегенді жақсы көреді де, туа береді. Адамдар неліктен әлі күнге дейін некені бала арқылы сақтап қалу мүмкін емес екенін түсінбейді. Біз қашан саналы болып, көзімізді ашамыз.

Егер баланы қандай өмір күтіп тұрғанын білмесеңіздер, балалы болуға асықпаңыздаршы.

Болған жағдайға мемлекетті кінәлаудың қажеті жоқ. Біздің елдің қандай екенін бәрі жақсы біледі және жәрдемақы ретінде төленетін 16 000 теңге туралы да бәрі біледі. Тағы да қайталаймын, бала деген жауапты шешім. Және балаға мемлекет жауап бермейді. Мемлекет бізден бала ту деп сұрамайды. Бала бұл – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі», – деп жазды Гуля Жақыпова есімді Facebook қолданушысы.

Алайда, көптеген оқырмандар бұл жазбаның мағынасыз және өте қатал екенін айтуда. Ал бір түнде барлық бес баласынан айырылған ата-ананы аямау мүмкін емес дейді.

«Бала – тек уақыт пен ақша жайлы ғана емес, сонымен бірге жүрек және қамқорлық жайлы. Ата-анасы қолынан келгенше қамқорлық көрсетті. Олардың басына үлкен қайғы-қасірет түсті. Бұл жантүршігерлік жағдай және өте қорқынышты. Олардың бұл қасіретті қалай өткеретіні ақылға сыймайды. Және мұнда сіздікі дұрыс емес. Бұл – ақшаны қажет емес нәрсеге жұмсайтын мемлекеттің де жауапкершілігі» – деді пікір білдірушілердің бірі.

«Өздерін жақсы көретін, жайлылықсыз жүре алмайтын, басқа да артықшылықтарға мұқтаж адамдар бар. Сондай-ақ, балаларды жақсы көретін адамдар бар. Мен ондай отбасыны танимын, оларда да бес бала сол секілді күркеде өмір сүреді. Бірақ олар бақытты. Ата-анасы оларға бар махаббаты мен мейірімін сыйлайды, ал мұны ештеңе алмастыра алмайды. Жайлылық, байлық, ақшадан да ең қымбаты – махаббат», – дейді қоғам белсендісі Дина Таңсәрі.

Дегенмен, кейбір әйелдер балалы болуды мүмкіндіктер негізінде жоспарлау керек деп санайды.

«Дұрысы дүниеге бір бала әкеліп, бар махаббатың мен уақыттыңды, қамқорлық пен ақшаңды соған бергенің жақсы. 5 бала туып алып, оларды қараусыз қалдырғаннан гөрі, барыңды бір баланың денсаулығына, біліміне, бақытты балалық шағына салғаның жақсы», – дейді пікірталасқа қатысқан аналардың бірі.

Бірақ, оның пікірі Нұркен Халықберген есімді азаматқа жақпай қалды. Ол бала – Жаратқанның бізге беретін бақыты екенін айтты.

«Баланы жағдайға қарап туу керек дейтіндер, шынында да, мәжбүрлеп ұрықсыздандыратындардың қатарына қосылудың алдында-ақ тұр… Ал олай болса, мұнда фашизимнің иісі шығып тұр емес пе.

Меніңше, жүректе махаббат болса, егер біреуді бақытты етуге деген талпыныс болса, кез-келген тұңғиықтан шығуға болады деп ойлаймын. Және әмияныңда қанша ақша бар екендігі маңызды емес, сенің жақындарыңызды қуанту үшін не істегенді қалайтының маңызды», – деп жазды Халықберген.

Дегенмен, желі қолданушыларының бәрі бұл қайғылы оқиғадан кейін үкіметтің де, азаматтардың да қорытынды шығарғанын қалайды.

 

Талқылау