Балаға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін жасырған ата-аналар жауапқа тартылады
Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған зорлық-зомбылық фактілерін жасырып қалған ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген балалардың құқығын қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында жазылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобына кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасау фактілерін жасыратын ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қатысты қылмыстық жауаптылықты енгізу бөлігінде ұсыныстар енгізу көзделеді", - делінген құжатта.
Сонымен қатар қолданыстағы өзге де заңнамаға өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.
"Қолданыстағы заңнамаға сот құқық бұзушының (агрессор) кәмелетке толмағандарға қатысты мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу қарастырылады", - деп жазылған жоспарда.
Бұл орайда, балаға агрессия көрсеткен адам сотқа дейін бүлдіршінмен бірге тұрмайды. Аталған жұмыстар биылғы жылдың үшінші тоқсаны мен келесі жылдың бірінші тоқсанында кезең-кезеңімен қолға алынбақ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген