БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балабақшаның терезесінен құлап кеткен қызды ауруханадан шығарады

Балабақшаның терезесінен құлап кеткен қызды ауруханадан шығарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша балабақша терезесінен құлап, ауыр жарақат алған Арунаның жағдайы жақсы. Осылайша, періштені мерекесімен құттықтап, журналист мән-жайды айқындап берді.

"Біздің Аруна ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Мерекең құтты болсын! Екі апта бұрын Арунадан айырылып қала жаздадық. Оқиға балабақшада орын алды. Ол екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен болатын. Бала жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның өмірі үшін дәрігерлер аянбай күресті. Енді міне ол камераға қарап тұр. 100 жаса" - деп жазды Сандуғаш Дүйсенова. 

Еске сала кетсек, Талдықорғандағы «Қарлығаш» балабақшасында 2 жасар сәби терезеден құлап кеткен еді. Салдарынан оның миына қан құйылып, ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізіледі. Бүгінде бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Баланың құлауына байланысты педагогтің кінәсі тергеу барысында анықталды, ол жұмысынан шеттетілді

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр