Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балабақшадағы бала өлімі: 6 жасар балаға шабуыл жасалған сәттің видеосы пайда болды (видео)

Ресейде ер адам балабақшаға кіріп кетіп, 6 жасар баланы пышақтап өтірді. Мемлекеттік тергеу комитеті балаға шабуыл жасалған сәттің видеосын жариялады.

Балабақшадағы бала өлімі: 6 жасар балаға шабуыл жасалған сәттің видеосы пайда болды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Вести.Ru» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

31 қазанда Нарьян-Мар қаласында ер адам «Сказка» балабақшасының аумағына кіріп кеткен. Күзетші оны балалардың бірінің ата-анасы деп ойлапты. Қаскөй балабақшаның екінші қабатына көтеріліп, балалар ұйықтап жатқан жерге барған. Тәрбиеші ер адамды балаларға жібермеуге тырысқанымен, оны итеріп жіберіп, төсектердің бірінің жанына барады.  

Осы кезде екінші тәрбиеші көмекке шағыруға жүгірген. Күтуші күзетшіні ертіп келіп, балабақшаның шаруашылық бөлімінің қызметкері «дабыл тетігін» басқан. Алайда ер адам 6 жасар баланы мойнынан пышақтап үлгеріпті. Салдарынан бала көз жұмды.

Балабақша қызметкерлері ер адамды ұстап алып, полиция қызметкерлері келгенше жібермеді. Бейнебақылау камерасындағы жазба полицейлерге сол күні не болғанын анықтауға мүмкіндік берді. 

36 жастағы ер адам тергеу кезінде кінәсін мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтты. Белгілі болғандай, ол бұрын сотталған және жұмыссыз екен. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оған психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.

Хабарланғандай, ер адам тұтқындалғаннан кейін «шайтан және құрбандық туралы» айтқан

Тергеушіне берген жауабында ол оқиғадан бір күн бұрын ішімдік ішкенін айтты. 

«Ертесі күні өзін нашар сезініп, бір құты валерьянканы ішіп алған. Мұнан кейін түрлі дауыстарды естіп, балабақшаға барады. Алайда әрі қарай не болғаны еміс-еміс есінде», - дейді тергеушілер. 

Оқиғадан кейін балабақша аумағына бөтен адамды кіргізген күзетші де айыпталып, тұтқындалды.

Талқылау