Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Айдар Тұрғанбек қызы мен келіншегін перзентханадан шығарды

Айдар Тұрғанбек қызын перзентханадан шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жігіттер" квартетінің солисі Айдар Тұрғанбек қызын перзентханадан шығарғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде айтып берді. Анасы екеуі қызын ұстап тұрған суретін жүктеп, жазба қалдырды өнер иесі. Алайда, суретте әдеттегідей әншінің әйелі жоқ. 

"Сіздерге де осындай бақыт бұйырсын. Қазір алып шықтық. Аллаға шүкір! Әйелім фотоға түсуді мүлдем ұнатпайды, сондықтан түсірмедім", - дейді Айдар Тұрғанбек.

Әншінің қызы аман есен үйіне келгенін көрген желідегілер жарыса пікір жазған. Олар кішкентай нәрестеге ұзақ ғұмыр тілеп, халқының маңдайын біткен ару болсын деп ниет білдірді. Осылайша жұрт өнер иесіне құттықтауларын жаудырған.

"Міне, қазақ! Құтты болсын!", "Ұрпағыңмен өсе бер", "Ата-анаңыздың көзқуанышы болсын", "Ғұмырлы болсын", "Ел сылайтын азаматша болсын", "Бақытты балалық шақ тілеймін", "Кішкентай періште", "Тәтті балапан", - десті жұрт. 

Талқылау