Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәкеңнің басына шықтым": Бүркіт пен Аишаның суреті желіні жарды

Бүркіт пен Аишаның ерекше суреті желіні жарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша ерекше суретке түсіп желідегі парақшаларында жүктеген. Суретте Аиша Бүркіттің басын құшақтап алса, Бүркіт сақал-мұрты өсіп, ежелгі адамдарға ұқсап қалған. Оған қоса, Аишаның басында ханшайымның тәжі бар. 

Бұны көрген желідегі жұрт таңқалыстарын жасыра алмады. Біріне сурет ұнап, ерекше деп бағаласа, енді бірі оны ұят, қорқынышты, мәдениетке жатпайды деп жарыса жазған. Ал кейбір қолданушылар Бүркітті табалап тастады. Осылайша жұрт жұлдызды жұпты сынның астына алды.

"Ой, қорқып кеттім ғой", "Ерекше", "Қой тауықтарға жем шашып келейін", "Соңғы кезде сүйгенінің құлы бол дейсің, өзіңде еркектік қасиет қалмаған сияқты", "Бәкеңнің басына шықтым дегендей екен", "Шашын жұлып, қылқындыр", "Әй айналайындар-ау, не боп кетті өзі", "Бүркіт төмендеп кеттің, өстіп жүріп қатынға бағынып, еркек емес ез болып кетесіңдер", "Енді сендердің шешінгендерің қалып еді жараспайды", - деп пікір білдірді жұрт.

Талқылау