Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Damumed қолданушыларының мәліметі желіде жария болды: Тексеру жүріп жатыр

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған науқастар туралы мәлімет жеке меншік компания әзірлеген медициналық ақпараттық жүйеге тиесілі.

БАҚ-та тараған науқастардың жеке мәліметі туралы Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың жеке басына қатысты ақпараттың қалай жария болғанын, жалпы, жағдайды түсіндіріп беруді сұрап, компанияға ресми хат жіберді.  

Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты органдардың тексеру қорытындысы шыққан соң денсаулық сақтау министрлігі толығырақ ақпарат таратады.

Айта кету керек, бүгінге дейін Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі ақпараттық жүйелер мен электрондық порталдардың жұмысы себепсіз бұзылып, тоқтаған емес және жеке мәлімет тараған жоқ.

Барлық жүйелер мен порталдар ҚР аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес штаттық режимде жұмыс істеуде.

Талқылау