Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Малайзияның бұрынғы патшасы мен Мәскеу аруы ажыраспаған

Малайзияның бұрынғы патшасы Мұхаммед V пен «Мәскеу аруы-2015» Оксана Воеводина Сингапурде ажыраспаған.

БАҚ: Малайзияның бұрынғы патшасы мен Мәскеу аруы ажыраспаған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«2019 жылы 18 шілдеде Келантан штатының сұлтаны мен оның жұбайының ажырасқаны туралы сауалға байланысы келесі мәліметті береміз: Сингапурдың шариғат сотының тізімдемесінде ерлі-зайыптының ажырасуға құжат тапсырғаны тіркелмеген», - делінеді Сингапурдың шариғат сотының тіркеу бөлімінің өкілі Норхафиза Бте Хашим қол қойған ресми жауапта. 

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ-та бесінші Мұхаммедтің ресейлік Оксана Воеводинамен ажырасқаны туралы ақпарат тарады. Онда ажырасуды рәсімдеу процедурасы 1 шілдеде аяқталғаны мәлімденген. 

Таяуда Воеводина Instagram желісінде ажырасқаны туралы ақпаратқа жауап ретінде видео жариялады.

Талқылау