Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Қадыровты сынаған блогер Тумсо Абдурахманов өлтірілді

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынға алған танымал блогер Тумсо Абдурахманов Швецияда өлтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

"Тумсоны түнде бір топ адам атып тастады, қазір кісі өлтіру бабы бойынша оқиға егжей-тегжейлері тексерілуде", – делінген БАҚ-та жарияланған ақпараттарда.

Ешқандай мәлімет берілмейді, бірақ шведтік арнайы қызмет Тумсо Абдурахмановтың ағасын жасырғанын атап өтілді.

"Азаттық" радиосының хабарлауынша, Абдурахманов 2 желтоқсанға қараған түні өлтірілген. Сондай-ақ болған жайт туралы толық мәлімет берілмеді. Швеция билігі бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

Тумсо Абдурахманов желтоқсан айының басынан бастап байланысқа шықпаған. Құқық қорғаушылар оның жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. 

Тумсо Абдурахманов Шешенстан билігі мен Рамзан Қадыровты сынға алған блогерлердің бірі. Ол YouTube желісіндегі ABU-SADDAM SISHANI арнасында сынға толы видео жариялады. 2015 жылы блогер Рамзан Қадыровтың туыстарымен жанжалдасып, Ресейден кетіп қалған. Артынша ол Швециядан саяси баспана алды. Шешенстанда Абдурахмановқа "Ислам мемлекетінің" жиһадшыларымен байланысы бар деген айып тағылып отыр. 

Талқылау