Азия елінде алғаш рет біржынысты некеге рұқсат етілді

Тайвань парламенті біржынысты некені заңдастыруды қолдады. Бұл Азия елінде біржынысты некені заңдастырған алғашқы жағдай.

birjynysty

Парламент ғимаратында талқылау кезінде ЛГБТ-белсенділері де болды. Некені заңдастыруға парламенттен қолдаған 66 дауыс болды, 27 дауыс қарсы берілді. 

"Бүгін біз кей құндылықтардың Азия елінде де тамыр жаятынына көз жеткіздік", - деп жазды Twitter парақшасында Қытай президенті Цай Инвэнь.

Заң 24 мамыр күні күшіне енеді. Осыдан соң мемлекет басшысы қол қояды. 

Консервативті топтар біржынысты жұптарға "азаматтық кеңес" немесе "отбасылық қатынастар" деп жазуды, тек неке деп жазбауды ұсынды. 

Гомосексуал жұптарға бала асырап алуға рұқсат етілмеді.

2018 жылдың қараша айында референдум өтіп, көпшілік ер мен әйелдің жұбын неке деп атауды қолдады. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр