Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік бағасының қымбаттағаны үшін: Мамин үш вице-министрді жазалауды тапсырды

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин үш министрліктің вице-министрлері мен бірнеше облыс әкімдерінің орынбасарларын тәртіптік жауапқа  тартуды тапсырды, деп хабарлайлы Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Азық-түлік бағасының қымбаттағаны үшін: Мамин үш вице-министрді жазалауды тапсырды

Мұның алдында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов преьмер-министрден аталған тұлғаларды жазалауды сұраған еді, 

«Премьер-министрдің канцеляриясы үш күннің ішінде менің атыма ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция министрліктерінің азық-түлік тауарларының бағасы өсуінің алдын алуға жауап беретін вице-министрлерін  тәртіптік жауапқа тартуды енгізсін», - деді Асқар Мамин үкімет отырысында. 

Сонымен қатар үкімет басшысының тапсырмасы бойынша Ақтөбе, Петропавл, Тараз және Жамбыл облыстарының әкімдерінің орынбасарлары жауапқа тартылады. 

Өз сөзінде Мамин президенттің үкіметке елімізде бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырғанын атап өтті. 

«Бір апта ішінде мүдделі жұмыс органдарының қатарынан жұмыс тобын құрып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін, қысқа мерзімді және орташа жедел шаралардың нақты пакетін дайындау керек», - дейді премьер-министр. 

Сондай-ақ, Мамин уәкілетті органдар мен әкімдерге жағдайды айрықша бақылауға алуды тапсырды. 

Талқылау