Соңғы жаңалықтар

"Әжемнен дарыған қасиет": Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдігі бар екенін айтты

Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдік қасиеті бар екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Әжемнен дарыған қасиет: Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдігі бар екенін айтты

Қазіргі таңда шығармашылығын қолына алып, ән жазуға кіріскен ол өзінің бойында ерекше қасиет барын, адамдардың көпшілігін айтпай танитынын жеткізді. Өнер иесі бұл қасиетін біресе жұлдызды жорамалдан деп ұғынса, енді бірде әжесінен дарыған деп түсінеді. 

"Маған дауысымды қалпына келтіру керек. Оншақты ән жазуым керек. Бірақ, мен жұлдызым бойынша шаянмын. Сондықтан, интуицам өте жақсы дамыған. Кейде бір адамның өтірік айтып отырғанын білемін, бірақ өзін ренжітіп алмайын деп үндемеймін", - дейді Айжан Нұрмағамбетова. 

Айжан ханымның айтуынша әжесі ерекше талантты болғандықтан өзінде де бір тылсым күш бар. Ол бұл күшті тексеру үшін көріпкелдердің байқауына да қатысып, көзін жеткізген. Дегенмен, әнші бұл үшін уақыт керек, ал менің өнерден өзгеге уақытым жоқ деп отыр. Түс арқылы аян беретін тылсым күштер туралы әнші ағынан жарылып айтып берді. 

"Әулетімізде әжеміз болды. Ол жазуды, оқуды білмесе де өлең шығаратын. Маған қасиет әжемнен дарыған. Мен қатты қызық болғаннан кейін арнайы көріпкелдердің байқауына қатыстым. Менде қасиет бар сияқты, бірақ оны дамыту үшін уақыт керек. Алайда, мен мүлдем басқа мамандықтағы адаммын.  Қалай номер дайындайын, образым нендей болмақ, не істеймін деп қатты ойланған кезде түнде түсіме кіреді. Ондай кезде шошып оянамын", - дейді Айжан Нұрмағамбетова.  

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...