Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әже атанды": Ақбота Керімбекова немерелі болды

Ақбота Керімбекова немерелі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова әже атанды. Тұңғышы анасына немере сыйлап қуантқан. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жазба қалдырды. Керімбекованың келіні қыз босанған. Немерелі болған Ақбота Керімбекова сезімін осылайша жеткізді.

"Сәлем, Insta-достар! Біздің шаңырағымызда бүгін үлкен қуаныш. Жаңа ғана келініміз бізге қыз сыйлады. Аллаға тәубә, шүкіршілік етемін! Әже болып жатырмын. Сіздерге жұғысты болсын. Сіздер де немере, шөбере сүйіңіздер. Әр қазақтың шаңырағы қуанышқа толы болсын. Тілектеріңіз бен дұғаларыңызға мың алғыс", - деп жазды Ақбота Керімбекова. 

Өнер иесінің ұлы мен келініне дүркіретіп той жасап бергенін көрген жұрт бұл қуанышына да ортақтасып, ақ тілегін жаудырды. Кішкентай қызға жақсылық тілеп, әншіні әже болуымен құттықтады жұрт.

"Бауы берік болсын", "Сүйікті әпкем, қуанышыңызға ортақпын", "Қандай керемет жаңалық", "Дені сау қыз болып өссін", "Қуаныш құтты болсын", "Жас апа атандың", "Халқының қалаулы, елінің елеулі азаматша болсын", "Әже атанды", - деп тілек білдірді жұрт. 

Талқылау