Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азаматпен қоштасқан Ерке Есмахан Әміремен бірге туған күнін тойлады (видео)

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан өзге әншінің достарымен бірге көңілді кеште бірге болды. Олардың әрекеті әлеуметтік желідегі жазылушыларын қызықтырып қойды. Себебі, жақын күндері Ерке сүйіктісімен екі жаққа кеткенін мәлімдеген еді. 

Расында да, жақында Ерке Ninety one тобының 27 жастағы бұрынғы солисі Азамат Зенкаевпен қоштасқанын хабарлады. Ал 30 қараша күні Ерке Есмахан туған күнін атап өтті. Әнші 37 жасқа толды.

Әнші Instagram желісінде видео жариялады. Кадрларда Ерке қазір ресейлік "Голос" шоуына қатысқан Ернар Садырбаевпен бірге отыр.

Жас әнші телевизиялық жобаның төрт тәлімгерін де өзіне қаратты. Әміре де Әлішер Кәрімов сияқты жұптық сайыста қарсыластарын басып озып, шоудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

Ернар Садырбаев та Бүркіттің кейпінде өнер көрсеткен "Маска" шоуында көрерменнің ықыласына бөленді. Шоудың қазылар алқасында Ерке болды.

"Ернар, Әміре, Бүркіт туған күніммен құттықтап келді. Оған өзім шай құйып беремін. Мейрамханаға шақырғаныңа рахмет. Тамағы дәмді болды. Жақсы отырдық, солай ма?" – деп атап өтті Ерке өз әңгімесінде.

Еске сала кетейік, жақында Amre парақшасында Еркемен бірге түскен сурет пайда болған еді. Әншінің жазылушылары Азамат Зенкаев қызғанып жүрмесін деген ойын әзілмен жеткізді.


Талқылау