Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат көшеде тыр жалаңаш жүруінің себебін түсіндірді (фото, видео)

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде жүрген видео жұртты шулатты. “Восток” саябағының аймағында белгісіз ер азамат тыр жалаңаш жүрген. Оны көп ұзамай полиция қызметкерлері тұтқындап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Артынша азамат бұл әрекетінің себебін түсіндірді.

обнаженный

Фото: xexe.club

Бұл туралы “Еtemirtau.kz” басылымы хабарлайды.

– Өзінің кінәсін толықтай мойындады. Ол келіншегімен ұрысып қалған соң осындай әрекетке барған. Өзінің заттарын бұтақтың түбіне қалдырып кеткен. Денсаулығы мен ақыл-есінде еш кемістік жоқ”, – деп мәлімдеді теміртаулық арнайы әкімшілік сотының төрағасы Назгүл Тілекова.

Азамат осы уақытқа дейін алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында шу шығарғаны үшін үш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Нәтижесінде сот оны 10  тәулікке қамауға алды. Жазасы әзірге заңды күшіне енбеді.

Мұнымен қатар, әлеуметтік желіде бұл ер адамның қатысуымен тағы бір видео пайда болды. Аталған видеода азамат тыр жалаңаш күйінде Газмановтың әнін орындап тұрады. Таспадан оның полицейлердің алдында тұрғанын байқауға болады. Ал тәртіп сақшылары өз кезектерінде азаматты әжуалап, видеоға түсірген. Енді тәртіп сақшылары бұл оқиғаның қай жерде болғанын және видеоның желіге қалай тарап кеткенін түсіндіретін болады.


Жіберіп алмаңыз:

Көшеде тыр жалаңаш жүрген Көкшетау тұрғыны сот-психиатриялық сараптамаға жіберілді

Досымен ұрысып қалған жігіт Көкшетау көшелерінде тыр жалаңаш жүрді

Эмили Ратаковски тыр жалаңаш отырып фотосессияға түсті (фото)

Сот шешімімен ер адам көршілерінің көзінше тыр жалаңаш жүре беретін болды

Талқылау