Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мені бәрінен бұрын ақша алаңдатады": Айжан Байзақова ресейлік рэпермен неге кездескенін айтты

Айжан Байзақова мен рессейлік рэпер Гуф қымбат көлікпен қыдырып жүрген сәтінен видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Рэпер мен блогерді не байланыстыратынын білмей дал болды желідегілер. Сөйтсе, танымал рэпер Гуф Қазақстанға әдемі қыз үшін емес, жаңа бейнебаянда қазақша рэп оқу үшін келген.

«Маған олардың рэп жасағаны ұнап қалды. Маған ұсыныс түсті, мен келістім», - дейді Гуф.

Қазақстандық рэп орындаушылар Гуфты арнайы мақсатта шақырған. Жанкүйерлердің Гуф пен Байзақованың ара-қатынасы туралы айтқан әңгімесіне Айжанның өзі жауап берді.

«Идея жақсы болса болды, әнді тыңдадым, ұнады, келістім. Қанша төйлейсіңдер деп сұрап едім, ешқанша деді. Мені ең бірінші ақша мәселесі алаңдатады», - дейді Байзақова.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр