Қостанай облысында босанушы әйел дәрігерлердің қателігінен көз жұмды

17 сәуір күні Қостанай облысында әкімнің қатысуымен денсаулық сақтау басқармасының жиыны өтті. Медициналық мекеме жетекшілері 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы бойына есеп берді. 

Қостанай облысында босанушы әйел дәрігерлердің қателігінен көз жұмды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Вячеслав Дудник Жангелді ауданында бір ана өлімі тіркелгенін айтты.

"Бұл оқиға республикалық деңгейде тексерілді. Оңтүстік өңір гинекологтары мен акушерлеріне Ғылыми акушерлік, гинекологиялық, перинатарлық орталықтан семинар сабағы өтілді", - деді Дудник.

Қоғамдық денсаулық сақтау бақармасының жетешісі Жангелді аурухасында тәуелсіз сарапшылар сараптама жүргізгенін, ана өлімінің алдын алуға болатыны анықталғанын айтты. Босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен мерт болған.

"Мұндай жайтты жай қалдыруға болмайды. Кінәлі жанды жұмыстан шығарамыз. Бұл істі бақылауға аламыз", - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр