Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсұлтан Назарбаев Лондонда шартты жазаға кесілді

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев Лондонда полицияға тап бергені үшін шартты жазаға кесілді.

Айсұлтан Назарбаев Лондонда шартты жазаға кесілді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Айсұлтан Назарбаев есірткілік заттың әсерінде полиция қызметкерлеріне қарсылық танытып, олардың бірін ұрып жіберіп, тістеп алғаны үшін кінәлі деп танылды. Тергеу нұсқасы бойынша, полиция офицерінің қолында тістің терең ізі қалып, жарадан «қан саулап аққан». 

Сот үкімі 18 айлық сынақ мерзімін талап етеді. Егер Айсұлтан Назарбаев осы мерзім ішінде заң бұзса, үкім шартты түрден қамауға ауыстырылады. 

Сонымен қатар Айсұлтан Назарбаев 140 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, есірткіге тәуелділіктен емделудің міндетті 20 сессиясынан өтуге міндеттелді. Сондай-ақ, ол 1 мың фунт (504 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл төлеп, 5 мың фунт (2 млн 500 мың теңгеден аса) көлеміндегі шығынның орнын толтыруы тиіс.

Еске сала кетсек, бұған дейін өткен сот тыңдалымында айыптаушы Грегор Маккинли Айсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың  3 маусымында Лондон орталығындағы мейманханалардың бірінде шу шығарып, балконға шығып алып, секіріп кетемін деп қорқытып, суицид жасайтынын айтып айқайлағанын мәлімдеген еді.

5 маусымда бұл жағдай қала орталығындағы пәтерлердің бірінде қайталанып, артынша көршілері полиция шақырған. Маккинлидің сөзінше, Айсұлтан Назарбаев өзіне қол жұмсайтынын айтып, қоңырау бойынша келген Росс Самбрукқа тап беріп, оны кеудесінен ұрып жіберіп, сол қолын тістеп алған. Өз кезегінде полицейлер электрошокер қолданыпты. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда мәйітхана қызметкерлері 10 жастағы қыздың денесін өзге адамдарға беріп жіберген

Мәйітті алғандар сөмкені ашпағандықтан басқа қыз екенін білмепті

Соңғы уақытта парадан бас тартқан: БҚО-да шенеунік әйелді жасырын түрде видеоға түсірген

Парадан бас тартып, жазадан құтылды

Министр Абаев: Мен өзім қайтыс болған соң дене мүшемді алуға келісім беремін

Абаев: Ешқандай дінде донорлыққа тыйым салынбаған

"Басқа әкімнің керегі жоқ": СҚО-ның ауыл тұрғындары басы дауға қалған ауыл әкімннің қызметіне қайта оралуын талап етті

Ауыл тұрғындары әкімге сөз жуытпады

Алматыда ата-анасы қайтыс болған соң балалар үйіне түскен бүлдіршін жоғалып кетті

Бала 4 күннен бері іздеуде

"Марат Омаровтың сүйіктісімін": Шымкентте адам өлтірген әйелдің әншіге қандай қатысы бар

Сотталушы мас күйінде адам өлтірді

Олимпида-2020-ға Қазақстанның атынан екі ауыр атлетші ғана қатысады

Қазақстанға 2016 жылы орын алған допингтік шудан кейін шектеу қойылған

Саясаткер Путинді сотқа берді

Навальный Путиннің әрекетін заңсыз де тануды қалайды

Алматыдағы нан бағасы жаңа жылдан кейін көтерілуі мүмкін

Сарапшылардың айтуынша, қордағы ұн мөлшері ақпан айына дейін жететін көрінеді

"Қырықтан асқанда таяқ жеген жаман екен": Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен неліктен ажырасқанын айтты

Әнші: Басымнан ауыр соққы алдым. Емханадан бір-ақ шықтым
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр