Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек күйеу жігітін ресми түрде жақындарымен таныстырды

Былтыр ғана қалыңдық атанып, екінші рет тұрмысқа шыққан Баян Алагөзова енді қайын ене атануға дайындалып жатыр. Танымал продюсер тойға дайындыққа мықтап кіріскен. Қызына сақина салысымен, ол жақындарын жиып, болашақ күйеу баласымен танысу рәсімін өткізді.

Айсәуле Бақытбек күйеу жігітін ресми түрде жақындарымен таныстырды

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Отбасылық отырысқа Баян Алагөзованың өз жұртымен бірге қайын жұрты да қатысқан. Олардың қатарында продюсердің күйеуі Тұрсынғали Алагөзов пен қайын атасы Тұрым Алагөзов те бар. Сондай-ақ, Баян Мақсатқызының құрбысы, белгілі тележүргізуші Мәдина Балғабаева да танысу кешінің арнайы қонағы болды. Балғабаеваның меймандар қатарынан табылуы бекер емес. Осыдан 22 жыл бұрын Айсәуле дүниеге келгенде тележүргізуші оның кіндік шешесі атанған.

“Кіндік қызым Айсәуле бүгін болашақ күйеу баламен ресми түрде таныстырды. Айсауле! Әлішер! Өмірлерің бақытқа толы болсын”, – деп бөлісті ол желідегі парақшасында.

Өз кезегінде продюсер қызына арнайы көңіл бөлген құрбысына деген ризашылығын жеткізді.

“Менің құрбым нағыз кіндік ана, кезінде перзентханадан шығарып алған еді, енді міне тұрмысқа беріп жатыр”, – деді ол.

Тағы оқыңыз:

Ерке Есмахан жаңа бейнебаяндағы имиджін сынағандарға: Образдың “көкесін” фильмнен көресіздер

Динара Сұлтан: Бесінші баладан кейін артық салмақтан арыла алмай жүрмін

Қыдырәлі Болманов: Қызым болса, Қарақатқа ұқсасын деп армандаған едім

Қыздарының қырқынан шығару рәсімін қарапайым етіп өткізген Бүркіт пен Аиша жұртты тәнті етті (фото, видео)

Талқылау