Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек: Күйеу жігітім анам «Есентай Моллға» иелік ететін кәрі әйел деп ойлаған

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек күйеу жігіті туралы айтып берді. Бойжеткеннің сөзінше, жігіті оның анасының танымал адам екенін білгенімен, мүлде танымаған екен, деп жазады Stan.kz.

Айсәуле Бақытбек: Күйеу жігітім анам «Есентай Моллға» иелік ететін кәрі әйел деп ойлаған

«Біздің қарым-қатынасымыздың басында бір адам күйеу жігітіме: «Бауырым, оның анасы Баян Есентаева емес пе!» – деген екен. Ол анамның есімін бұрын естігендіктен, оның бір танымал адам екенін білген. Нақтырақ айтсақ, ол Баян Есентаева «Есентай Моллға» иелік ететін кәрі әйел деп ойлаған», – дейді Айсәуле Бақытбек.

Айта кетсек, Айсәуленің парақшасындағы оқырмандарының саны 1 миллион 100 мыңнан асады. Десе де әлеуметтік желіде кең танымалдыққа ие бойжеткен жігітінің мұны жақтыра бермейтінін айтып қалды.

«Менің күйеу жігітім бір күні әлеуметтік желі мені жалықтырып, бәрін доғарғанымды үнсіз армандайды. Алайда бұл туралы ештеңе айтпайды. Себебі сіздердің мен үшін маңызды екеніңізді біледі», – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр