Тұрсынбаеваның жас жігітке тұрмысқа шығып, Стамбұлда тұрып жатқаны рас па? Өзі жауап берді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде айтыскердің жас ер азаматпен түскен суреті жарияланып, ол үшінші рет отбасын құрды деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kyn.kz бағдарламасына сілтеме жасап. 

Айнұр Тұрсынбаева

Тікелей эфир кезінде бағдарламаға хабарласқан ер адам айтыскерге жеке өміріне қатысты сұрақ қойды. 

«Интернетте Айнұр тәтенің бір жігітпен түскен суреті таралып жатыр. Сол жігітке тұрмысқа шығып, Стамбұлда тұрып жатыр деген де ақпарат тарауда. Осы нәрсе қаншалықты рас?» - деп сұрады көреремен. 

Айнұр Тұрсынбаева өз кезегінде бұл сұраққа қуанып та, мұңайып та отырғанын жасырмады. Айтуынша, қазақ жігіттеріне мұндай майда сұрақ қою орынсыз дүние. 

«Жалпы бұл сұрақ мені қуантып отыр. Яғни менің жеке өмірім көп адамға қызық. Бірақ мені қынжылтатын бірнәрсе бар. Осындай сұрақты әжептәуір ер жігіттің қойып отырғанына қарным ашып отыр. Қазақта «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» деген сөз бар. Өзім осы нәрсені көп айтамын. Менің жеке өмірімде керемет жаңалық болса, өзім жар салып айтамын.

Айтпасам, яғни бұл – айтылмауы керек нәрсе. Біз қазір үлкен арнада отырмыз, бағарламаны миллион көрермен тамашалап отыр. Мен үйдегі төсегім мен өсегімді айтатын болсам, менде қандай қадір-қасиет қалады? Бұл арнада, сіздерде қандай қадір қасиеті қалады?» - деп ренжіді айтыскер ақын. 

Естеріңізге сала кетсек, Айнұр Тұрсынбаева асханада ұятқа қалғаны туралы айтып күлдірген еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құдыққа құлап қайтыс болған баланың анасы Алтай Күлгіновпен кездесуді армандайды

Ұлдың өліміне кінәлі деп табылған компанияның жетекшісі әйелге көңіл айтпаған

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды
Çàãðóçêà...