Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айқайлап жылағанын ешкім естімеді: Алматыда терезеден секірген оқушы жерге екі қолымен түскен

Алматыда 1-сынып оқушысы мектептің терезесінен секіріп кетті. Мұғалімі кабинетте ешкім жоқ деп есігін құлыптап шығыпты. Іштен алты жасар баланың айғайлағанын, дүрсілдетіп қаққанын тірі жан естімеген.

Айқайлап жылағанын ешкім естімеді: Алматыда терезеден секірген оқушы жерге екі қолымен түскен

Жалғыз қалғанынан әбден қорыққан бүлдіршін сыртқа екінші қабаттан бір-ақ секіріпті. Қазір түрлі жарақатпен ауруханада жатыр. Ал, білім ошағының директоры қазақ тілі пәнінің мұғаліміне қатаң сөгіс жарияладым деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кравченко әулеті кешелі-бері аурухананың есігін торауылдап жүр. Баласының мектепте екінші қабаттан құлағанын жұмыста кезде естіген. Әуелі ұстаздар абайсызда құлады депті. Бірақ жансақтау бөлімінен енді ғана шыққан ұлдары әдейі секіргенін айтқан. Өйткені, мұғалімі кабинетте қамап кеткен. Алты жастағы Геннадий қатты қорыққанынан сыртқа асығыпты. Жалғыз өзі сөмкесін құшақтап аңырап жылаған да. Тек тірі жан естімеген.

"Баламның айтуынша, оны кабинетте қамап кеткен. Мұғалімі аңғармады ма, білмейміз. Ол есігін іштен қаққан. Айғайлаған. Ешкім есітепті. Өз бетінше де аша алмаған. Сосын, терезеден секірген", - деді әкесі Виталий Кравченко.

Оқиға күні кеше сағат ондар шамасында қаладағы №80 жалпы білім беретін мектепте болған. Бірінші сынып оқушылары қазақ тілі пәнінде екі топқа бөлініп оқиды екен. Үшінші сабағы аяқталысымен мұғалім барлық баланы түгендеп, есігін құлыптап кеткен. Сынып жетекшісіне тапсырған кезде ғана 11 оқушының бірі жоғын аңғарыпты.

«Бұлар қайтадан сол кабинетке келсе, терезе ашық тұр дейді. Мұғалімнің столындағы принтерлер жылжытылған. Сол мезетте 1-кластың баласын медпункке әкелген. Бірден жедел жәрдем шақырылды. Мен мұғалімді қорғап отырған жоқпын. Өйткені, 8 жылдық өтілі бар. Балаларды қарап отыру керек», - дейді мектеп директоры Әйгерім Баекенова. 

Директор оқушы мұғаліммен тығылыспақ ойнап, парта астында жасырынған дейді. Оны көрмей қалса да, балаларды түгендемеген ұстазға салғырттығы үшін қатаң сөгіс жариялапты. Ал, екінші қабаттан құлаған Генадийдің екі қолы сынып, миы шайқалып ауруханада жатыр.

«Диагноз қайылды қосарланған жарақат. Бас миының шайқалуы екі қолының сынуы. Іш пердесінің сынуы деген диагноз қойылып, кеше жансақтау бөліміне бір күн жатты», - деді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузиддинов.

Дәрігерлер жерге бала қолмен түскен дейді. Екі аяғына зақым келмеген. Әлі ауруханада бір аптадай ем қабылдайды екен. Ал, аяғы ауыр анасының тағы екі жасар баласы бар. Тұңғыштарының жанында әжесі жатыр. Әкесі ешқандай мұғалімге өкпеміз жоқ. Абайсызда болған бейнет деп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші сынып оқушысы жоғары қабаттан құлап кеткені туралы хабарланды. Білім бөлімі оқиғаға қатысты жауап беріп, мұғалімнің кінәсі барын айтты. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...