Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айқайлаған әндерді тыңдай алмаймын": Қанат Үмбетов Димаш Құдайбергенді сынап тастады

Қанат Үмбетов Димаш Құдайбергенді сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның арнасына сілтеме жасап. 

Белгілі әнші Қанат Үмбетов әлем мойындаған Димаш Құдайбергеннің концертін толығымен көре алмайтын едім дейді. Сонымен қатар, Димаштың ән айтатын бағытында эстараданың дамығанын қаламайтынын да жасырмады ол.

"Димашқа деген көзқарасым жақсы. Өте жақсы. Бірақ эстрада сол бағытта дамығанын қаламайтын едім. Мен өз басым Димаштың концертіне барып, басынан аяғына дейін отыра алмайтын едім", - дейді Қанат Үмбетов.

Димаш қанша жерден мықты әнші болса да айқайлап, шыңғырып айтқан әндер жақпайды дейді Үмбетов. Ол диапазоны кең туындыларды ортасынан өшіріп тастап, ары қарай тыңдағысы келмей қалатынын айтып берді.

"Димаш мықты әнші. Оны біз ғана емес, бүкіл әлем мойындап тастаған. Оның диапазоны қандай. Мен қатты айқайлай берген әндерді тыңдай алмаймын. Ол Димаш болсын басқа болсын, тыңдап келе жатасың, басы ұнайды ортасында айқайлап кетсе өшіріп тастаймын", - дейді Қанат Үмбетов.

Талқылау