Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айына – 6 мың теңге: Көпбалалы отбасыларға арналған жалдамалы үй туралы не білу керек?

Жақын арада көпбалалы отбасыларға арналған жалдамалы үй туралы заңға қол қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputiknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде 31 725 отбасы пәтер кезегінде тұр. Соған орай мемлекет тарапынан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтрелерде көпбалалы отбасылар өз баспаналарын алғанға дейін тұра алады. 

"Сатып алу құқығынсыз жалға беретін тұрғын үй" ұғымын енгізген сенат жалдамалы пәтерде көпбалалы отбасы өз үйін алуға ақша жинағанға дейін тұра алады деп бекіткен.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің бұл түрімен "Алтын алқа", "Күміс алқа", Батыр ана", сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" атағын алған отбасылар қамтылатын болады. 

Қазақстан бойынша 496 мың адам баспанаға кезекте тұрса, олардың 31 725 отбасы көпбалалы. Осы заң аясында енді көпбалалы отбасыларға арналған жеке кезек қарастырылып, жүзеге асыру үшін бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінді. 

Сатып алу құқығынсыз жалға беру баспанасында тұратын көпбалалы отбасылар 1 шаршы метр үшін 117-150 теңге шамасында қаражат төлейтін болады. Сонымен қатар, пәтерде отбасының кез келген мүшесі тұруға құқылы.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр