Айгүл Иманбаева өзін "Болашақ" бағдарламасына лайық көрмегендерге жауап берді
Танымал әнші Айгүл Иманбаева “Болашақ” бағдарламасымен шетелге оқуға түскенін құп көрмей, өзін желіде сынағандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол “1001 түн” бағдарламасында айтты.

©instagram.com/aigul_imanbayeva
Өнер иесі “Сіз сүйіншілеп, қуанышты жаңалығыңызбен бөліскен кезде, желі қолданушылары әлеуметтік желіде түрлі пікір жазды” деген бағдарлама жүргізушісінің сөзін жалғап әкетті.
“Әншілерге мемлекеттік грантты беріп қажеті не?” деген пікірді көзім шалып қалды. Оны да өнердегі әріптесім Айгүл Елшібаеваның желідегі парақшасына салғанда көрдім. Бір атышулы блогер апам бар екен. Бірақ мен оны танымайды екенмін. Ол кісі де менің әлемімді танымаған болуы керек. Біраз нәрсені түйдектетіп айтыпты. Айгүл Елшібаева маған жақтасып, ол кісіге жауап қайтарған. Кейін Айгүлге де: “Басыңды қатырма, ит үреді, керуен көшеді” деп айтқанмын. Сол блогер өзінің ұлтынан, тілінен алыстау, мәңгүрттеу көрінеді. Мен ол кісіні батлға шақыратын едім. Шет тілінен, әдебиеттен, мәдениеттен тайталасып көрейік”, – дейді Айгүл Иманбаева.
Әнші “Болашақ” бағдарламасына қалай түскенін тәптіштеп айтып берді.
“Ол блогер мені докторантураға түсті деп ойласа керек. Мен Қазақстанда докторантураға тапсырғым келді. Бірақ IELTS-дағы деңгейім жетпегендіктен, мен докторантураға тапсыруды тоқтата тұрдым. Сөйтіп мен “Болашақ” бағдарламасымен тағылымдамаға бір жылға кетіп бара жатырмын. Біріншіден, ол жерде IELTS тапсырмайсыз. Екіншіден, онда бес эксперт отырып, біреуі ағылшын, үш адам орысша, біреуі қазақ тілінде онлайн сұрақ қойды. Қай тілде сұрақ қойса, сол тілде жауап бердім және қазақ тілінен тест тапсырдым. Менің түскен мамандығым – арт-менеджмент. Оқып келгеннен кейін мемлекет мені қайда жіберсе де, мен сол жерде қызмет етуге дайынмын. “Болашақ” бағдарламасымен оқуға түсуіме 12 жылдан бері айналысып келе жатқан менеджментті тереңінен оқу септесті. Менің оқу орнымда өнердің менджментін жүргізуді үйретеді. Ол бізге таптырмайтын дүние. Неге барып оқымасқа? “Басқа әртістер неге бармайды, жастарға неге орын бермейді?” деген сұраққа: “Олар неге тапсырмайды? Әркімнің бар таласы… Барыңыз, тапсырыңыз, дайындалыңыз, өтіңіз” деп жауап берер едім. Мен тілді мақсатты түрде оқыдым. Тағылымдамаға кетіп бара жатқандықтан, шәкіртақы төленеді”, – дейді өнер иесі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік