Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі психологты ұрып тастаған: Алматылық такси жүргізушісіне қарсы сот ісі басталды

Алматыда танымал әйелдер психологы Светлана Божконы ұрып тастаған такси жүргізушіcіне қарсы ісі басталды, деп хабарлайды ақпарат Stаn.kz агенттігі. 

Алматы тұрғыны бір қап қару-жарақ жинап, аса ауыр қылмысқа дайындалды 

Таксистке қарсы сот ісі 5 қарашда басталған. Оған «Бұзақылық» және «Адам денсаулығына қарсы орташа ауырлықта қасақана зиян келтіру» баптары бойынша кінә тағылған.

«Айыптаудың 10 тармағымен мен келіспеймін. Мысалы, мен ауруханада 28 күн бойы жаттым, бірақ актіде 21 күн деп жазылған. Сосын мені ұрған кезде қорғанған деп жазған, алайда мен мүлдем басқа нәрсе айтқан болатынмын. Кінәлі жүргізушінің өтініші бойынша сот қазақ тілінде өтіп жатыр, аудармашы он сөйлемнің біреуін ғана аударады. Бәлкім, осының салдарынан мен біраз әңгімені жіберіп алып жатқан сияқтымын», - дейді жәбірленуші Светлана Божко.

Сонымен қатар, Светлана оның денсаулығына жасалған әрекеттерді ауыр екендігін жеткізді.

Оқиға болған күннен 3,5 ай өтсе де Светлана Божко өз-өзіне әлі келе алмай жүргендігін айтады. Оның көзі көру қабілетінің жартысынан айырылған. Әсіресе, оның бет-әлпетіне қатты нұқсан келтіріліпті. Алдағы таңда оған бірнеше қымбат операциялар қажет екендігін айтып отыр. Сөзінше, бұзақы бұл әрекетімен оның өмірінің тас-талқаныны шығарыпты. 

20 шілде күні танымал психолог көлігін тұраққа қойып жатқан кезде бейтаныс адам темір кастетпен келіп ұра бастаған. Әйелді оның көршісі құтқарып қалыпты. Кейіннен қылмысқа қатысы бар деп 27 жастағы ер азамат ұсталған, оның қандай мақсатпен әйелді ұрып тастағаны белгісіз. 

Талқылау