Әйелін балаларының көзінше ұрып, кейін бауыздап өлтірген ер адам 19 жылға сотталды
2022 жылдың тамызында Өзбекстанда 31 жастағы ер адам өзінен 7 жас кіші әйелін әкесінің үйінде бауыздап өлтірген. Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq ruhy порталына сілтеме жасап.

Өзбекстанның Kun.uz сайтының жазуынша, ер адам әйелін өлтірместен бір күн бұрын балабақшаға келіп, балаларының көзінде оны қатты соққыға жыққан. Сотта ер адам әйелін ұрып-соғуының себебі – қызғаныш болғанын айтады. Ал, оны бауыздауға қатысты істе әйелінің қолындағы пышақ мойнына байқамай кіріп кетті деген.
"Түнде сөйлесіп жатқанда әйелімнің қолында пышақ болды. Мен оны тартып алмақ болғанда, байқамай, әйелімнің мойнына кіріп кетті", - деген ол.
Бірақ, сот оны "әдейі адам өлтіру" бабы және "қарақшылық жасау" баптарымен 19 жылға соттады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген